Естеріңізде болса азамат А.-ны, Жуалы ауданының «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолында «Volvo» маркалы жүк көлігін басқару кезінде полиция қызметкерлері тоқтатқан болатын. Автокөлік нөмірін тексеру кезінде нөмірді кішкентай қағазбен жабу фактісі анықталған. Осылайша, мемлекеттік нөмірдің «Е» әрпі «F» әрпіне өзгертілген. Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты хаттама толтырылды.
Азамат А. кінәсін мойындап, нөмірдегі қағазды байқамағанын және оны әйелінің інісі әзілмен жасағанын түсіндірді.
Сот қаулысымен А. ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Фото: Нурболат Нуржаубай, Кызылординские Вести
Источник: https://kzvesti.kz/glavnye-novosti/v-kazahstane-vneseny-izmenenija-v-pravila-perevozki-opasnyh-i-tjazhelovesnyh-gruzov-152198


