• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Елжан Біртановтің үйқамақта болу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Елжан Біртановтің үйқамақта болу мерзімі тағы бір айға ұзартылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше өткен отырыста мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін 14 шілдеге дейін ұзартуды сұраған болатын. Прокурор Төлеген Жараспаев күдікті Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 9 айға дейін, яғни 2021 жылғы 14 шілдеге дейін ұзарту туралы өтінішті Қаржы мониторингі агенттігі Тергеу департаментінің басшысы түсіргенін атай келіп, қосымша сараптама мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен алынған жауаптарды, мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысын талдау жұмыстарын 14 маусымға дейін аяқтау мүмкін емес деген уәж айтты. Осының бәрін ескеріп, үйқамақ мерзімін 14 шілдеге дейін ұзартуды және қанағаттандыруды сұраймын», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ, ол Біртановқа отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен телефон арқылы сөйлесуге және үйден шығуға тыйым салу керектігін айтты. Бұл талабын ол тергеу жұмыстарының мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылуымен байланыстырды.

Прокурордың айтуынша, күдікті соттың тыйымы бар екенін біле тұрып, бірқатар заңға қайшы әрекеттерге барғанын атады. Бірақ сот отырысына БАҚ өкілдері қатысып отырғанын ескеріп, нақты қандай әрекеттер туралы сөз болып жатқанын ашып айта алмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл тергеу әрекеттерін жария ету болмақ. Сот процесі барысында қорғаушылар Елжан Біртановтың сыртынан тергеу органының аңду жүргізуі заңды екенін растайтын құжат жоқ екенін айтып, үйқамақ мерзімін әрі қарай ұзартпауды сұраған болатын. Бүгін сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 9 айға дейін, яғни 2021 жылғы 14 маусымнан 14 шілдеге дейін ұзартылатынын мәлім етті.

«Баяндалған деректердің негізінде, Қылмыстық іс жүргізу ккодексінің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда есептелетін 9 айға дейін ұзарту туралы қаулы етті. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылсын», — деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева Яғни, сот айыптаушы тараптың Біртановқа отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен телефон арқылы сөйлесуге және үйден шығуға тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады.

Бір ай бұрын сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау шарасын күшінде қалдырған болатын. Еске салсақ, бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған еді.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады

Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Головкин жапондық қарсыласына шапанын сыйлап, чемпиондық белбеуін қайтарып берді

Головкин жапондық қарсыласына шапанын сыйлап, чемпиондық белбеуін қайтарып берді

3 года ago
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны азайды

В Жамбылской области снизилось число преступлений с участием несовершеннолетних

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In