Оқиға түнгі сағат 03:55 шамасында болған. Испанияға автокөлікпен сапар шегіп бара жатқан шетелдіктер бағыттан жаңылып, жол үстінде қиын жағдайға тап болған.
Полиция қызметкерлері саяхатшылардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, оларға жылы шай мен тамақ ұсынып, жағдайларын жасады. Сонымен қатар, эвакуатор шақыртып, ақаулы көлікті жөндеу орталығына жеткізуге көмектесті.
Жөндеу орталығында көліктің жарылған дөңгелектері жаңартылып, полиция қызметкерлері шетелдіктерге әрі қарай жүретін бағытын нақтылап берді.
Көрсетілген қамқорлық пен жедел көмекке ризашылығын білдірген қытайлық саяхатшылар Жамбыл полициясына алғыстарын айтып, сапарларын жалғастырды.


