• RU
Пятница, 14 августа, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

by Jasyn
14/08/2026
in Без рубрики
0
Тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылғы 11 тамызда сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жедел ақпаратты іске асыру мақсатында мекеменің режим және жедел қызметкерлері тарапынан өткізілген іс-шара барысында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында Аскаров көшесі бойындағы №4 және №5 бақылау бекеттері маңында күдік тудырған азамат байқалған. Азамат мекеме қызметкерлерін көрген кезде қолындағы скотчпен оралған түйіншекті мекеме аумағына қарай лақтырып, оқиға орнынан жасырынуға әрекет жасаған. Алайда мекеме қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде оның әрекеті тоқтатылды.

Тексеру барысында аталған түйіншектің ішінен бір дана зарядтау құрылғысы, бір USB сымы және Redmi маркалы екі ұялы телефон табылды. Ұялы телефондар SIM-картасыз және графикалық кілтпен бұғатталған.

Алдын ала анықталған мәліметтерге сәйкес, тәркіленген заттар №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа арналған.

Аталған факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, тиісті құқық қорғау органдарына хабарланды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасамауға шақырады. Мұндай әрекеттер заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2,5 млрдқа жуық теңгенің тендерін ұтып алған

2,5 млрдқа жуық теңгенің тендерін ұтып алған

2 года ago
Бұл жеке кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етеді, инновацияларды тежейді

Бұл жеке кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етеді, инновацияларды тежейді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In