Қазақстан Республикасының рақымшылық жасау туралы заңы аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа рақымшылық қолданылып, ол мекемеден босатылды.
Соттың тиісті қаулысы негізінде азамат жазасының өтелмеген бөлігінен босатылып, белгіленген тәртіппен мекемеден шығарылды. Босату рәсімі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде рақымшылық туралы заңды іске асыру жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде.


