Сотта 29 жастағы күдікті Шерхан Аймаханнан жауап алынды. Айтуынша, ол Нұраймен 2025 жылдың жазында кездесе бастаған. Айыпталушы қызға үнемі ақша беріп, сыйлықтар жасағанын, ал қазан айында екеуі үйленуге келіскенін мәлімдеді. Ол 11 қаңтар күні Нұрайды кездесуге шақырып, айырылысатынын айтып, сыйлаған сақинасын қайтарып алмақ болыпты.
«Мен айырылысамыз деген кезде ол ашуланып, сақинаны көшеге лақтырып жіберді. Кейін кеудеме соққы жасап, балағат сөздер айта бастады. Бір кезде қалтамда пышақ барын сездім. Кішірек пышақты шығарып, оған ұстатып: «Ұрғанша, пышақтай сал» дедім. Нұрай пышақты алып, оң жақ бүйіріме сұқты… Одан кейін не болғаны есімде жоқ», – деді айыпталушы.
Оған қоса айыпталушы Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасы туралы білгенін және кездесулеріне келісім бергенін айтты.
Бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Оған айыпталушы 36 рет пышақ сұққаны айтылды.
Фото: Ult.kz



