• RU
Вторник, 28 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Әрбір жас өз ісін сүйіп атқарса, міндетті түрде табысқа жетеді

Жастық – ол ізденістің бастауы, осы кезеңде ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді. Сондықтан, қанатын қаққан жастардың талапты талпыныстарына жол ашылып, өмірден өз орындарын табуға мол мүмкіндіктер жасалуда.

by Jasyn
27/07/2026
in • Жастар саясаты
0
Әрбір жас өз ісін сүйіп атқарса, міндетті түрде табысқа жетеді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін 395 студент аяқтап, диплом алды. Оның ішінде 24 түлек үздік дипломға ие болды. Салтанатты кеш барысында бакалавриат және магистратура түлектеріне дипломдар табысталып, оқу, ғылым, қоғамдық және шығармашылық қызметте үздік нәтиже көрсеткен жастар марапатталды.

Биыл университет 39 магистрді оқытып шығарды. Оның ішінде 15-і ғылыми-педагогикалық, 24-і бейіндік магистратура бағдарламалары бойынша білім алған. Олардың 13-і, яғни 9 магистрант пен 4 докторант Венгрияның Корвинус университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын қос диплом бағдарламасын сәтті аяқтап, халықаралық үлгідегі диплом иегері атанды.

– Оқу орынымыздың 13 магистранты мен докторантының Венгрияның Корвинус университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасын аяқтағаны – біздің университет үшін үлкен жетістік. Университеттің басты міндеті – тек білім беру емес. Университет адамға жол ашуы керек. Ойлау қабілетін дамытуы тиіс. Өзіне сенуді үйретіп, әлемге ашық болуға көмектесуі қажет. Біз осы құндылықтарды сіздерге беруге тырыстық. Біз сіздерге академиялық білім бердік. Кәсіби дағды қалыптастырдық. Әлеуметтік және эмоционалдық интеллектіні дамытуға мән бердік. Өз ойы бар, жауапкершілігі бар, елге қызмет ететін маман болсын деп еңбек еттік. Биыл біздің студенттеріміз үлкен мүмкіндікке ие болды. 53 студент пен 6 магистрант Венгриядағы Обуда университетінде білім алды. Олардың көпшілігі алғаш рет шетелге шықты. Кейбірі алғаш рет паспорт алды. Бірақ олар қорыққан жоқ. Олар мүмкіндікке сенді. Ата-аналары қолдау көрсетті. Университет сенім білдірді. Нәтижесінде біздің студенттер Еуропаны көрді. Жаңаша білім алды. Жаңа ортаға бейімделді. Өздерінің қолынан көп нәрсе келетінін түсінді. Бұл – біз үшін өте маңызды нәтиже. Біздің университет – жас университет, бірақ мақсаты үлкен. Біз тек Қазақстанға ғана емес, халықаралық деңгейге қажет мамандар даярлағымыз келеді. Болашақта кез келген елге су саласының маманы керек болса, олар біздің университетті еске алатындай деңгейге жетуіміз керек. Су ресурстары, ирригация, гидрология, жер асты сулары, су дипломатиясы, инженерлік шешімдер – осының бәрі бүгінгі әлем үшін өте маңызды. Білім берген, қолдаған, бағыт көрсеткен барлық оқытушыларға алғыс айтамын. Біздің зертханаларымыз, оқу бағдарламаларымыз, халықаралық жобаларымыз – бәрі студент үшін жасалып жатыр. Басты мақсат – жастарға нақты мүмкіндік беру. Сол мүмкіндікті пайдалану – студенттің өз қолында. Бүгінгі түлектер сол мүмкіндікті пайдалана білді. Сондықтан біз сіздермен мақтанамыз. Қай жерде жүрсеңіздер де, адал болыңыздар. Еңбектен қорықпаңыздар. Үйренуден тоқтамаңыздар. Әлемге ашық болыңыздар. Өз еліңізді ұмытпаңыздар. Бүгіннен бастап сіздер тек түлек емессіздер. Сіздер – Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің елшісісіздер. Сіздердің әр жетістіктеріңіз – біздің ортақ мақтанышымыз. Біз сіздерге сенеміз. Сіздердің болашақтарыңыз жарқын болады деп сенеміз, – деді университет ректоры Кәмшат Түсіпова.

Айта кетейік, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті – су ресурстары, ирригация және тұрақты даму салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын еліміздегі мамандандырылған ұлттық зерттеу университеті. Мұнда халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу, ғылыми зерттеулерді дамыту және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау бағытындағы жұмыстарды дәйекті түрде жалғастырып келеді. Диплом табыстау рәсіміне мемлекеттік органдардың өкілдері, халық қалаулылары, сала ардагерлері, жұмыс берушілер, халықаралық серіктестер, оқытушылар, түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Шын мәнінде, кез келген жетістік адамның өз ісіне деген сүйіспеншілігінен басталады. Егер адам өзі таңдаған мамандығын жақсы көрсе, ол салада үздік нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі жоғары болмақ. Ал, қызығушылықсыз таңдалған кәсіп уақыт өте келе адамның ынтасын жоғалтып, кәсіби күйзеліске алып келуі ықтимал. Бүгінде еңбек нарығы бұрынғыдан әлдеқайда жылдам өзгеруде.

Иә, қоғамның дамуы, ең алдымен, оның адами капиталының сапасына байланысты. Ал, сапалы адами капиталды қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі – жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауы. Себебі, бүгінгі мектеп түлегі мен студент – ертеңгі ел экономикасын алға сүйрейтін маман, жаңа идеяларды жүзеге асыратын жаңашыл тұлға, қоғамның дамуына үлес қосатын азамат. Сондықтан, мамандық таңдау мәселесі әрбір жастың ғана емес, тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін маңызды факторлардың бірі саналады.

Бүгінгі жастарға жасалған инвестиция – ертеңгі Қазақстанның дамуына салынған инвестиция. Менің ойымша, әрбір жас мамандық таңдағанда қоғамның пікіріне емес, өз қабілеті мен мақсатына сүйенуі қажет. Себебі адамның өмірлік жолы оның өз таңдауымен қалыптасады. Егер жас өз ісін сүйіп атқарса, ол міндетті түрде табысқа жетеді әрі қоғамға пайдасын тигізеді. Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бұл таңдау адамның болашақтағы кәсіби жетістігіне, өмір сүру сапасына және қоғамға қосатын үлесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір жас өз болашағына бейжай қарамай, мамандық таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Өйткені бүгінгі таңдау – ертеңгі жетістіктің, жарқын болашақтың және ел дамуының берік негізі.

Фото: SN.kz

Tags: жастар саясаты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қоғамдық жұмыстар әрбір жас маманның өсуіне жол ашады

Қоғамдық жұмыстар әрбір жас маманның өсуіне жол ашады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Теміртас Жүсіпов ширек финалға шықты

Теміртас Жүсіпов ширек финалға шықты

5 лет ago
Қанат Ислам титулды белдесуде жеңіліс тапты

Қанат Ислам титулды белдесуде жеңіліс тапты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In