• RU
Понедельник, 27 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану

Бюджеттен бөлінген қаржының 14 миллиард теңгесі үнемделді

Жамбыл облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әлібек Аманбайдың айтуына қарағанда соңғы үш жылда жобалық-сметалық құжаттамаларды оңтайландыру нәтижесінде бюджет қаражатынан 14 миллиард теңге үнемделген.

by Jasyn
26/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану
0
Бюджеттен бөлінген қаржының 14 миллиард теңгесі үнемделді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– Облыс әкімінің қаулысымен «Сәулеттік бюро» мекемесі «Жамбыл бас жоспары» зерттеу жобалау дамыту институты болып қайта құрылды. Институт алдына өңірдің сәулеттік келбетін жақсарту, урбанистикалық шешімдерді енгізу, жобалық-сметалық құжаттамалардың сапасын бақылау және қалалық ортаның брендбуктарын әзірлеу сияқты стратегиялық маңызды міндеттер қойылды. Өткен жылы «Сәулеттік бюро» мекемесі тарапынан жалпы 84 жоба қаралды. Оның ішінде 46 жобаға келісім берілді, ал 16 жобаға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар 6 жоба қайта пысықтау үшін кері қайтарылып, 16 жоба сараптамадан өтуіне байланысты қараусыз қалдырылды. Оңтайландырылған қаражат көлемі 1,059 миллиард теңгені құрады. Осы жылы «Жамбыл бас жоспары» мекемесі тарапынан 22 жоба қаралып, оның ішінде 5 жобаға келісім берілді, 3 жобаға ұсыныс жасалды, 9 жоба қайта пысықтауға қайтарылды. Сондай-ақ 5 жоба сараптамадан өтуіне байланысты қарастырудан алынды, – дейді Ә.Аманбай.

Басқарма басшысының айтуынша, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне Тараз қаласы бойынша 45 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен аудандардағы 78 елді мекеннің бас жоспары енгізілуі қажет. Осыған байланысты бүгінде 10 аудан бойынша 78 бас жоспар мен Тараз қаласына қатысты 45 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және түзету жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, ықшамаудандардың және өзге де аумақтардың көшелерден бөлініп тұратын шекарасы «қызыл сызық» деп аталады. Өңірдің даму жоспарына сәйкес бұл талаптың сақталуы тұрақты бақылауда.

– Тараз қаласы мен аудандардың бекітілген бас жоспарларына сәйкес «қызыл сызық» нормаларын бұзып салынған нысандарға қатысты жыл сайын мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша 152 құрылыс нысаны мен сауда дүңгіршегі анықталды. Оның ішінде 15 нысанға тиісті шара қолданылды, 58 нысанның құжаттары рәсімделді, ал 6 нысан бойынша сотқа дейінгі ескертулер мен талап арыздар берілді. Қалған Тараз қаласы, Т.Рысқұлов және Талас аудандарындағы 73 құрылыс нысаны мен сауда дүңгіршегінің рұқсат құжаттарына зерделеу жүргізіліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол облыстағы елді мекендердің 84,6 пайызы масштабы 1:2000 және 1:500 болатын аэрофототүсіріліммен қамтылғанын айтты. Бұдан бөлек қазіргі таңда 51 елді мекенге аэрофототүсірілім жүргізу және Тараз қаласында 2021 жылы түсірілген аэрофотоматериалдарды жаңарту жұмыстары қолға алыныпты.

Ал, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел басқармасы басшысының орынбасары Шерхан Пірімқұлдың айтуынша, бюджет қаражатын жымқыруға қатысты соңғы 6 жылда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Жымқыру») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша 92 қылмыстық іс тіркелген. Бұған қоса 2,4 миллиард теңгеден аса келтірілген залалдың 376,8 миллион теңгесі өтеліп, құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мүлік тәркіленіпті.

Маманның сөзіне сүйенер болсақ, әсіресе ауылшаруашылығы саласында қаржы жымқыру деректері жиі кездеседі екен.

– Бүгінде облысымызда 544 мың адам жұмыспен қамтылса, 138 мыңнан астамыауылшаруашылығы саласында тер төгеді. Бұл өзге салалармен салыстырғанда бір жарым есеге көп көрсеткіш. Десе де агроөнеркәсіптік кешенге бөлінетін бюджет қаражаты мен субсидиялардың талан таражға түсуі әлі де толастамай тұр. Талдау көрсеткендей, субсидиялау механизміндегі олқылықтар мен жемқорлық тәуекелдері шаруалардың мемлекеттік қолдауды толық алуына кедергі келтіруде.

Біз қазіргі таңда бұл құқықбұзушылықтардың себептерін зерттеп, жүйелі түрде ұсыныстар енгізудеміз. Қаржыландыру ережелерінің жетілдірілмегендігімен қатар,делдалдардың бюджет қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп кетуі де басты түйткілдердің бірі болып отыр. Мәселен, таңқурайдың элиталық сорттарын сатып алуға бөлінген 900 миллион теңгеден астам қаражат талан таражға түскен. Тексеріс кезінде егістік алқаптарынан ешқандай субсидияланған жеміс табылмады. Бұл дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер тиісті жазасын алды.

Тағы бір өзекті мәселе – шаруалардың құқықтық сауаттылығының төмендігін пайдаланатын алаяқтардың әрекеті. Ауылшаруашылық техникаларын алу бағдарламасы бойынша олар шаруа қожалықтарының атынан өтінім беріп, мемлекет қаржысын қалтаға басқан. Салдарынан фермерлер сапасыз техникалар алған. Бүгінде мұндай алаяқтықтан зардап шеккен 200-ден аса шаруа қожалық анықталды. Қазіргі таңда жедел тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді Шерхан Батыржанұлы.

Баяндамашы ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге, шаруа қожалық басшыларына электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беруге болмайтынын қатаң ескертті. Шерхан Пірімқұл баршаны заңға бағынуға, тәртіпке сай жұмыс істеуге шақырды. Әрі экономикалық құқықбұзушылық деректері туралы «AFM Insider» телеграм-ботына немесе облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің «Сенім» телефоны арқылы хабарлауға болатынын жеткізді.

Жалпы алғанда облыста 2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 189 ауылда жалпы құны 81,9 миллиард теңгені құрайтын 1 073 жоба жүзеге асырылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, елді мекендерді тұрақты дамыту. Соңғы алты жылда өңірдегі елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды.

 

Фото: Turkystan.kz

 

Tags: Бюджет қаражатыБюджет үнемдеу
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Үсік жүреді: Нұр-Сұлтанда және 7 өңірде ескерту жарияланды

Үсік жүреді: Нұр-Сұлтанда және 7 өңірде ескерту жарияланды

5 лет ago
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In