• RU
Понедельник, 27 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бюджеттен Мойынқұм ауданының ауыз суына 18 миллиард теңге бөлінді

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Бірлік, Шығанақ, Құмөзек ауылдары мен Мыңарал стансасында ауыз су нысандары мен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен жүргізілуде. Ауызсу инфрақұрылымын жаңғыртуға бюджеттен жалпы 8,5 миллиард теңге бөлінген.

by Jasyn
26/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Бюджеттен Мойынқұм ауданының ауыз суына 18 миллиард теңге бөлінді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңір басшысы осы ауданға жасаған сапарында құрылыс жұмыстарын тұрғындарға қолайсыздық келтірмей, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

– Облыста барлық салада экономикалық өсім, оң нәтиже байқалып отыр. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімдері былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,5, ауыл шаруашылық өнімдері 3,3 пайызға өссе, жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі 125,7, негізгі капиталға салған өнім 59,6 пайызды құрап отыр. Халыққа 326 шаршы метр тұрғын үй берілді. Жыл соңына дейін 770 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілетін болады. Облыс аумағында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 380 жоба көзделген. Шағын және орта кәсіпкерлік 29,1 пайызға ұлғайды. Аймаққа инвестиция тарту едәуір жақсарып отыр. Бұл ретте Мойынқұм ауданында да жақсы нәтижелер бар. Ауданның Мирный ауылынан желден қуат өндіретін станса салыну көзделуде. Оған 1 мыңнан астам адам жұмысқа тартылып, жоба аяқталған уақытта 200 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Француз компаниясының қолға алып жатқан жобасы да құптарлық. Қытайлық компания 75 миллиард теңгеге инвестиция салып, осы аудан аумағынан көмір өндіру ісін қолға алып жатыр. Қазіргі кездің өзінде олар 93 шақырымға жол салып, сол жолдың қызығын аталған жолдың бойында орналасқан шаруа қожалықтар да көріп отыр. Көгілдір отын мәселесі туралы айтатын болсақ, қазір алғашқы кезеңі бойынша Айдарлы, Бірлік, Биназар ауылдарына құбыр тартылды. Осы газдың құбыры 2029 жылға дейін Мойынқұм ауылына да келіп қалады. Ол үшін республикалық бюджеттен алғашқы кезеңіне 18 миллиард теңге, алты ауылдың су құбырларын жаңғыртуға 7,5 миллиард теңге бөлінуде. Мұндай қаражат басқа ешқандай ауданға бөлінген емес. Сондықтан сіздер бөлінетін қаржының мүмкіндігін түсініп, кейбір мәселелерге дұрыс көзқараспен қарасаңыздар, – дейді бұл жөнінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

Жалпы алғанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог платформасында ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуді тапсырғаны белгілі. Президент осы бағытта ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту ісіне назар аудару қажет екенін айта келіп: «Ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек. Алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуымыз қажет. Осы бағытта біршама жұмыс атқарылды. Оның пайдалы екені де көпшілікке белгілі.

«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беруде. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді» деген болатын. Аталмыш бағдарлама аясында 2025 жылы жалпы сомасы 3,7 миллиард теңгеге 518 жоба қаржыландырылды. Ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнес-жобалардың 110-нан астам бағытына қаражат қарастыралады.

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінгің хабарлауынша бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 500-ден астам ауылдық тұрғын жұмысқа орналастырылды. Жаңа өндірістік желілерді іске қосуға мүмкіндік беретін және кәсіпкерліктің дамуына қосымша серпін әкелетін өндірістік тізбек қалыптасуда, ішкі нарық отандық дайын өніммен қамтамасыз етілуде.

Биыл бағдарлама аясында 5 миллиард теңге қаржыны игеру жоспарлануда. Басым бағыттар қатарында бизнес-жобаларды қаржыландыру, кооперативтер құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу үшін жабдықтар сатып алу қарастырылған.

Мемлекет басшысы: «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беруде» деп атап өткеніндей, ауылдағы шаруаларды қолдайтын қоғамдар да, қаржы да бар. Енді тек қана аудан басшыларының, ауылға жанашыр іскер азаматтардың жақсы жоспарларымен, ұтымды жобалармен жұмыстарын жандандыруы ғана қалып тұр.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың айтуынша, биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 7 миллиард теңге қаржы қарастырылмақ. 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында 2025 жылғы 1 қазаннан өтінім қабылдап жатқан «Кең дала-2» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына еліміз бойынша 750 миллиард теңге бағыттау жоспарланған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды.

Бүгінгі күні 4,5 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 612 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл 7,2 миллион гектар егіс алқабын қамтып отыр. Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі қатар қолға алынуда. Бұл тетік несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 191 миллиард қаржыға 1125 кепілдік берілді.

Фото: egemen.kz

Tags: ауыз субюджетинвестиция тартуЭкономикалық өсім
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджеттен бөлінген қаржының 14 миллиард теңгесі үнемделді

Бюджеттен бөлінген қаржының 14 миллиард теңгесі үнемделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

1 год ago
Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді

Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In