• RU
Пятница, 17 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру

Таласта бюджет қаржысы ел игілігіне жұмсалуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында азаматтардың тұрмыс сапасын, тұрмысының қолайлылығын жақсарту, қала немесе ауылдық жер екеніне қарамастан, халықты сапалы ауыз сумен қамту және сумен жабдықтау бойынша жергілікті әкімдіктерге зор міндет жүктеп, жоспарлы жұмыстар орындау қажеттігін тапсырған болатын.

by Jasyn
16/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру, • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
Жамбыл облысында қай аудандар жоспарды орындай алмады?
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы орайда Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласы А. Шейн көшесі №15 нысандағы қонақ үйді әкімшілік нысан ретінде қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 1310,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Агро Спец Строй» ЖШС.  Құрылыс биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданнан жоба құны 1451,8 млн. теңгені құрайтын 84 пәтерлі №25Д тұрғын үй сатып алынды. 2025 жылы республикалық бюджет қаражаты 1308,9 млн. теңгесі игерілді. 2026 жылға аудандық бюджеттен 142,9 млн. теңгесі бөлініп, толық игеріледі. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімінің теңгеріміне алынуда.

Ал, газбен және жылумен қамту бойынша айтар болсақ, Талас ауданында 1 қала және 23 ауылдық елді-мекен бар (46563 адам), Қазіргі таңда қала және 19 ауылдық елді мекен (43950 адам) газдандырылған немесе 94,4%-ы көгілдір отынмен қамтылған. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша 2025 жылы жеткізуші газ құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 898,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Газ-Сервис» ЖШС (жоба құны 2176,9 млн.теңге). Нысан 2026 жылға өтпелі. Қаржыландыру күтілуде.

Аталған ауылдарға ішкі кварталдық газ жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген, жоба құны 995,8 млн.теңге.

Көктал ауылының газ тарату желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленген, жоба құны 1261,0 млн.теңге.

Бұл жобаларды іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді, — дейді бұл жөнінде Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков. Сонымен қатар, Қаратау қаласы Б.Момышұлы көшесінің бойындағы 4,88 шақырымды құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша облыстық бюджеттен 250,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жалпы жоба құны 560,0 млн.теңге.

Жалпы алғанда аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырым құрайды. Оның ішінде:

— 394,1 шақырымы облыстық маңызы;

— 193,49 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.

2026 жылы қала және елді мекендердегі 24 көшені орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен жалпы 600,0 млн.теңге қаражат бөлінді.

Қаратау қаласындағы 5 көшені (Амангелді, Т.Тоқтаров, Наурыз, А.Молдагулова, Фабричная) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 49,8 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Майтөбе ауылындағы 4 көшені (Даулетбеков, Берікқара, Қошмамбетов, Наурыз), Қожағаппар ауылындағы 1 көшені (Елеусізұлы) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 206,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.  Аяқталу мерзімі биылғы жылдың 31 шілдесіне дейін.

Қызыләуіт ауылындағы 3 көшені (Абай, Палуан, Мектеп), Ақтөбе ауылындағы 1 көшені (Сапақ Датқа) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 170,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Бөлтірік шешен ауылындағы 1 көшені (С.Сабыралиев) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 36,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы 10 көшені (Рыспек батыр қилысы, 1-ші Абай қилысы, Ы.Дүкенұлы көшесі, Ы.Алтынсарин көшесі, Железнодорожный қилысы, Таусамалы көшесі, Шолақтау көшесі, Тамды әулие бұлағына кіреберіс, Мақұлбек Шерімұлы көшесі, Талас көшесі) орташа жөндеу және Тамды ауылындағы 2 көшені (Тілепбергенов, Бекболатов) орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Қаратау қаласындағы Тамды әулие, Арбатас көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға 2026 жылға облыстық бюджеттен 157,5 млн. теңге бөлініп, (мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі танда ауданда 1 қала және 23 ауылдық елді мекеннің (46563 адам), қала мен 21 елді мекені (46208 адам, 99,2%) немесе 91,7% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Арал және Қайыр ауылдарында осмостық қондырғысы бар блок модульді іске қосу жұмыстары жүргізілуде.  Қаратау қаласындағы Флора саяжайын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 308,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. (2024 жылы 523,4 млн. теңге бөлінді). Мердігер «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС.

Фото: opennews.kz

 

Tags: бюджет қаржысыгазбен қамтамасыз етуЖамбыл облысы Талас ауданы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Көкшетауда оқушыларға бәзбіреулер «Кальмар ойынын» ойнауды ұсынған

Көкшетауда оқушыларға бәзбіреулер «Кальмар ойынын» ойнауды ұсынған

5 лет ago
Ең жасы үлкен қазақстандық қай облыста тұрады?

Ең жасы үлкен қазақстандық қай облыста тұрады?

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In