• RU
Среда, 15 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады

Бүгінде Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. Өткен жылы облыс дәрігерлері 75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады.

by Jasyn
14/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұрын тек шетелде немесе елордада ғана жасалатын күрделі операциялар бүгінде өңірде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер арқылы 486 ауылдағы 434 мыңнан астам тұрғын тексеруден өтті. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында да нақты нәтижелер бар. Нәресте өлімі 18,3 пайызға, бала өлімі 14,9 пайызға төмендеді.

Жалпы алғанда Қазақстанда жоғары технологиялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жүрекке 13 106 ашық операция жасалды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артық.

Хирургиялық араласулардың басым бөлігін аортокоронарлық шунттау операциялары – 46,1%, жүректің жүре пайда болған кемістіктеріне жасалған операциялар – 22,7%, жүректің туа біткен кемістіктеріне жасалған операциялар – 13,1% құрады.

Кардиохирургияның қарқынды дамуының нәтижесінде Қазақстан осы саладағы жетістіктері бойынша әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді.

Бүгінде елімізде жүрекке ашық операция жасау, эндоваскулярлық араласулар және жоғары технологиялық медициналық көмектің басқа да түрлері сәтті орындалуда. Қазіргі таңда отандық кардиологияда жоғары технологиялық медициналық көмектің 80-нен астам түрі көрсетіледі.

Отандық медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі – 2025 жылы жүректі трансплантаттаудың 100-ші операциясының сәтті жасалуы. Бұл қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби даярлығын және трансплантология қызметінің дамуын айқын көрсетеді.

Соңғы бес жылдың ішінде оң үрдіс тұрақты сақталып келеді. Осы кезеңде қанайналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 15%-ға, ал осы аурулардан болатын өлім-жітім 35,1%-ға төмендеді.

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша да сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі жалғасуда:

  • қанайналым жүйесі аурулары – 6,6%-ға;

* артериялық гипертензия – 9,7%-ға;

* жүректің ишемиялық ауруы – 10,1%-ға;

* жедел миокард инфаркті – 5,7%-ға;

* мидың қан айналымының жедел бұзылыстары (инсульттер) – 6,1%-ға төмендеді.

Қол жеткізілген нәтижелер инсульттік және кардиологиялық орталықтар желісін дамыту, жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемін кеңейту, заманауи клиникалық хаттамаларды енгізу, жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру, профилактикалық тексерулер ауқымын ұлғайту және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттерді дәрілік қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттырудың арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Президенттің айтуынша, соңғы жылдары елімізде медицина саласын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, 2019 жылдан бері 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтаған. Ең бастысы, азаматтарға сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмекке кепілдік беріліп, жоғары технологиялық емдеу түрлері қолжетімді бола түсті. Бұл жетістіктердің ішінде бала денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстардың орны ерекше. Өйткені, дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындарды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамту деңгейі едәуір жақсарып, ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтің қолжетімділігі артты. Бұл өз кезегінде халық денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Фото: Казинформ

 

Tags: Отандық медицинаТрансплантацияТүркістан медицинасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
ТҮРКІСТАНДА 801 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 769-Ы МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА 801 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 769-Ы МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

5 лет ago
Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In