• RU
Пятница, 3 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Үш жыл ішінде 116 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді

Өткен жылы облыс әкімінің бастамасымен Ұлттық жоба аясында әзірленген үлгілі жобаларды қайта қолдану арқылы ауылдық елдімекендерде 35 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фелдьшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт ғимараттарының және Түркістан қаласында Балалар оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға тапсырылды.

by Jasyn
03/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Үш жыл ішінде 116 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, биыл 21 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының – 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фелдьшерлік-акушерлік пункт пен 11 медициналық пункттің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша 4 жедел жәрдем дислокациясының құрылысы – Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында, Жетісай ауданының Асықата кентінде, Түлкібас ауданының Састөбе ауылында, Ордабасы ауданының Төрткүл және Шұбарсу ауылдарында салынуда. Жалпы соңғы 3 жыл ішінде 116 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді.

Бұдан бөлек, Түркістан облысы аумағында 4 ірі медициналық нысан салынуда. Біріншісі – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Түркістан облысына 2022 жылдың 27 қыркүйектегі жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысы» жобасы іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған. Екіншісі – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және білікті медицина персоналымен жасақталған заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу» іс-шара жоспарына Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталығының жобасы енгізілген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында басталып, 2028 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Үшіншісі – Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қоры тарапынан демеушілік есебінде қаржыландырылатын Түркістан қаласында жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 төсек-орындық перзентхана салу жобасының құрылыс жұмыстары
жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Төртіншісі – Түркістан қаласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухана жобасы бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары 86 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыру 2027 жылдың сәуір айына жоспарлануда.

2024 жылы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Боралдай» дәрігерлік амбулатория ғимараты толық күрделі жөндеуден өтті. Бұдан бөлек, 2024 жылы Кентау қалалық орталық ауруханасы және «Абай» Келес аудандық ауруханасы ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2025 жылға өтпелі болды.

2025 жылы тозығы жеткен 3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды, олар – Кентау қалалық орталық ауруханасы, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қаратас» емханасы, Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты «Алатау батыр» ауылдық ауруханасы.

3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі ретінде іске асырылуда, олар – «Қарабұлақ» Сайрам аудандық аудандық ауруханасы, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы мен Сайрам көпбейінді орталық аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылып 2024-2026 жылдарға өтпелі болып іске асырылуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында екінші міндетке сәйкес Жетісай, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандық ауруханалары көпбейінді орталық аудандық аурухана ретінде жаңғыртылды.Медициналық ұйымдарды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру мақсатында жалпы соңғы 3 жыл ішінде 2024-2026 жылдар аралығында 1548 дана медициналық техника, оның ішінде 40 дана маңызды ауыр медициналық техникамен жарақтандырылды. Атап айтқанда 5 дана МРТ, 6 дана КТ, 2 дана стационарлы ангиограф, 7 дана бейнеэндоскопиялық жиынтық, 9 дана эксперттік санаттағы УДЗ, 5 дана ЛОР, 3 дана маммографиялық жүйе, 2 дана АИК жасанды қан айналым аппараты, 1 дана ЭКМО, 4 дана онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында диагностикалық құрал-жабдықтарымен толықтырылды.

Фото: Ernur.kz

Tags: дәрігерлік амбулаторияденсаулық сақтау нысандарфелдьшерлік-акушерлік пункт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Медицинадағы басты құндылық – білікті маман

Медицинадағы басты құндылық – білікті маман

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

3 года ago
Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In