• RU
Пятница, 3 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Ана мен бала — егіз ұғым

Ұлт денсаулығының көрсет¬кіші – қоғамның айнасы. Бұл мәселе – күн тәртібіндегі басым бағыт. Мемлекет басшысы ана мен бала денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөліп келеді.

by Jasyn
03/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Ана мен бала денсаулығын қорғау және проактивті скрининг мәселелері талқыланды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ана мен бала — егіз ұғым. Әйелдің ана атануы — өміріндегі ең бір бақытты кезеңі. Ал балалардың ана мейірімін, ана алақанын сезініп өсуі — бір бақыт.

Жақында Түркістандағы №1 облыстық перинаталдық орталық «Беделді перзентхана» номинациясына ие болып, еліміз бойынша  үздік перзентхана атанғаны белгілі.

Нақтырақ айтатын болсақ, Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған республикалық байқауда №1 облыстық перинаталдық орталығы «Қазақстан Республикасының беделді перзентханасы» номинациясын иеленіп, «Үздік перинаталдық орталық» атағын жеңіп алды. Бұл жоғары марапат – осы ұжымның көп жылғы қажырлы еңбегінің, кәсібилігінің, ана мен бала денсаулығын қорғау жолындағы адал қызметінің айқын нәтижесі әрі лайықты бағасы екені анық. Бұл жетістік үлкен мәртебе ғана емес, алдағы уақытта да сапалы медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге деген жауапкершілікті арттыратын маңызды белес.

– Осы жоғары жетістікке үлес қосқан барлық қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта да халық денсаулығы жолында аянбай еңбек ете береміз, — дейді бұл жөнінде №1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабағиева. – Біздің орталық – Түркістан өңіріндегі ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында жетекші медициналық ұйымдардың бірі. Жыл сайын мыңдаған сәбидің өмірге келуіне себепкер болып, күрделі акушериялық жағдайлар мен шала туған нәрестелерге жоғары мамандандырылған көмек көрсетіп келеміз.

Аталған жүлдені Бейбітшілік сарайында арнайы ұйымдастырылған Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекелік іс-шарасында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әзназарованың өзінің табыстауын біздің ұжымға берілген жоғары баға деп қабылдадым. «Беделді перзентхана» атану бағаланған еңбек болғанымен бізге қазіргіден де үлкен жауапкершілік жүктейді. Меніңше, ұжым болып сол сенімнің үдесінен шыға аламыз деп ойлаймын.

… Бұл орталықтың тарихын қысқаша айта өтсек, 1935 жылдың маусым айында Шымкентте жалғыз акушерлік стационар ашылып, облыстың акушерлік-гинекологиялық қызметінің негізін қалады. 1989 жылы мекемеге облыстық перзентхана мәртебесі берілді. 2000 жылдан бастап перзентхана базасында Түркістан облысындағы ең ірі медициналық ұйымдардың бірі әрі Қазақстан Республикасындағы жетекші мекемелердің қатарындағы №1 облыстық перинаталдық орталығы құрылды.

Орталық перинаталдық көмектің үшінші деңгейіндегі медициналық ұйым болып табылады және қауіп тобына жататын жүкті әйелдер мен босанушыларға, ауыр акушерлік және экстрагениталдық патологиясы бар пациенттерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде шала туған балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Түркістан облысының 8 ауданын – Сарыағаш, Шардара, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Төле би аудандары мен Леңгір қаласын қамтиды. Қызмет көрсетілетін ауыл халқының саны – 915 мың 400 адам, бұл облыс халқының 43 пайызы. Оның ішінде 193 мың 860-ы (42 пайызы) – фертильді жастағы әйелдер.

Орталық 2001 жылы ИБДОР бағдарламасы бойынша «Балаға мейірімді аурухана» мәртебесін алды, ал 2021 жылы бұл мәртебе қайта расталды. 2005 жылдан бастап «Тиімді перинаталдық технологиялар» бағдарламасы бойынша, ал 2009 жылдан бері «АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп келеді. 2019 жылы №1 облыстық перинаталдық орталығы Түркістан өңіріндегі үздік медициналық ұйым деп танылды. 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы үздік босандыру ұйымы атанып, «ALTYN SHIPAGER – 2022» сыйлығымен марапатталды. 2024 жылы аккредиттеуден өтіп, «Жоғары санат» мәртебесіне ие болды.

– Облыста алғашқылардың бірі болып біздің орталықта медициналық генетика бөлімі ашылған. 2023 жылы ол Ұрықты қорғау орталығы (ҰҚО) болып қайта құрылып, жүкті әйелдер мен балаларға тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мақсатында генетикалық скрининг жүргізеді. Сонымен қатар, жүкті әйелдерді тексеру және ұрықтың туа біткен патологияларын анықтауға арналған пренаталдық ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі, — дейді №1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабағиева.

Фото: Baq.kz

 

 

Tags: Ана мен балаперзентханаТүркістандағы №1 облыстық перинаталдық орталық
Jasyn

Jasyn

Next Post
Үш жыл ішінде 116 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді

Үш жыл ішінде 116 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

5 лет ago
Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In