• RU
Пятница, 3 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

39 дәрігер мен 75 орта медицина қызметкері медициналық орталықтарда оқудан өтті

№1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының әйелдер консультациясы мамандары күн сайын қауіп тобына жататын жүкті әйелдерге, акушерлік және экстрагениталдық патологиялары бар пациенттерге, сондай-ақ репродуктивтік денсаулық, отбасын жоспарлау және медициналық генетика мәселелері бойынша консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді.

by Jasyn
03/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
39 дәрігер мен 75 орта медицина қызметкері медициналық орталықтарда оқудан өтті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық мамандарды оқытуға ерекше көңіл бөледі. 2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы В.А.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар, оның ішінде акушерлік сепсис» тақырыбы бойынша білім алды. Бір дәрігер Екатеринбург қаласының перинаталдық орталығында «III деңгейлі мекемелер жағдайында перинаталдық көмек көрсетудегі мультидисциплинарлық тәсіл және сабақтастық» тақырыбы бойынша оқытылды. Сонымен қатар, 4 дәрігер Мәскеу қаласындағы академик В.И.Кулаков атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында «Акушерия және гинекологиядағы заманауи медициналық технологиялар» тақырыбы бойынша білім алды. Сондай-ақ Екатеринбург қаласының перинаталдық орталығы ұйымдастырған көшпелі цикл аясында 11 дәрігер «Неонатологиядағы неонаталдық реанимация» тақырыбы бойынша оқытылды. 2025 жылы медициналық ұйым қаражаты есебінен 128 дәрігер мен 181 орта медицина қызметкері, ал 2026 жылы 39 дәрігер мен 75 орта медицина қызметкері Қазақстанның жетекші медициналық орталықтарында оқудан өтті. Орталық қызметкерлерінің арасында 1 медицина ғылымдарының кандидаты, 13 медицина магистрі, 8 академиялық бакалавр (мейіргер ісі), 9 қолданбалы бакалавр (мейіргер ісі), денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының 6 мүшесі бар.

– Орталығымызда пациенттерге барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып медициналық көмек көрсетіледі. 2025 жылы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы тарапынан операция кезінде науқастың өз қанын қайта құюға мүмкіндік беретін «Medtronic» аутогемотрансфузия аппараты, «Mindray» наркоз аппараттары, сараптамалық деңгейдегі «Voluson Expert 20» ультрадыбыстық аппараттары, жаңа туған нәрестелерге арналған емдік гипотермия аппараты, нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараты және басқа да жабдықтар алынды. Сонымен қатар, орталықтың өз қаражаты есебінен хирургиялық аспиратор, дефибриллятор, вакуум-экстрактор, бактерицидтік ауа рециркуляторы және басқа да жабдықтар сатып алынды. Биыл орталықтың өз қаражаты есебінен центрифуга, электрокардиограф, инфузиялық шприцтік сорғы, операциялық көлеңкесіз шам және басқа да жабдықтарды сатып алу жоспарланған. Бұл жабдықтар күрделі хирургиялық операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді, — дейді орталықтың басшысы С. Жабағиева.

Бүгінде №1 облыстық перинаталдық орталығы қабылданған босанулар мен дүниеге келген нәрестелер саны бойынша өңір мен елдегі көшбасшы мекемелердің бірі болып табылады. Қазақстандағы әрбір алтыншы бала №1 облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келеді. Орталық жыл сайын 9500 босануды қабылдайды. Жаңа туған нәрестелердің саны да осы шамада, оның 1500-ге жуығы шала туған балалар. Шала туу көбінесе ананың ауыр акушерлік немесе экстрагениталдық патологияларына байланысты орын алады. Сондықтан әрбір жағдай ерекше күрделі болып табылады және жеке көзқарас пен дұрыс емдеу тактикасын таңдауды талап етеді.

Қазіргі акушерияда плацентаның аномальды инвазиясы ана өліміне әкелуі мүмкін жаппай акушерлік қан кетулермен байланысты күрделі мәселе болып табылады. Орталық дәрігерлері мұндай патологиясы бар жүкті әйелдерге орган сақтаушы операциялар (метропластика, компрессиялық гемостаз) жүргізіп, әйелдің репродуктивтік қызметін сақтап қалады. Орган сақтаушы операциялардың үлесі 2024 жылғы 77 пайыздан былтыр 85 пайызға дейін өсті. Соңғы 7 жыл ішінде ана өлімі көрсеткіші – 0. 2025 жылы перинаталдық өлім көрсеткіші 20 пайызға, ал ерте неонаталдық өлім көрсеткіші 38 пайызға төмендеді. Орталықта 2023 жылдан бастап неонаталдық блок құрамында туа біткен даму ақаулары мен ерте неонаталдық кезеңде анықталған жедел хирургиялық патологиялары бар балаларға көмек көрсетуге арналған жаңа туған нәрестелердің хирургиялық төсегі жұмыс істейді. Хирургиялық төсектің ашылуы ауыр соматикалық және перинаталдық патологиясы бар нәрестелерге ерте және операцияға дейінгі көмекті жергілікті жерде көрсетуге мүмкіндік берді. Осы кезең ішінде асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақаулары, диафрагмалық жарық, ашық артериялық өзек сияқты патологиялары бар 34 жаңа туған нәрестеге операция жасалды. 2024 жылы алғаш рет ашық артериялық өзегі бар жаңа туған нәрестеге жүрекке операция жасалды.

Фото: Arainfo.kz

Tags: №1 Түркістан облыстық перинаталдық орталығыдәрігерлердің біліктілігін арттыружаңа медициналық жабдықтар
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бір күндік клиника» қандай мүмкіндіктер береді?

«Бір күндік клиника» қандай мүмкіндіктер береді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен пәтер аламын деп 15 миллион теңгеге алданды

Жамбылда тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен пәтер аламын деп 15 миллион теңгеге алданды

3 года ago
В Мойынкумском районе планируется построить ветряную электростанцию мощностью 1 гигаватт.

В Мойынкумском районе планируется построить ветряную электростанцию мощностью 1 гигаватт.

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In