Оның ішінде 57-сі түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін анықталды. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған төрт бала Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Жамбыл облысы Полици департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Әбдікәрімовтің айтуынша профилактикалық іс-шаралар барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жүрген 266 жасөспірім, сондай-ақ заң талаптарын бұза отырып ойын-сауық орындарында болған 17 кәмелетке толмаған анықталды.
Әсіресе Тараз қаласының 14 жастағы тұрғынының оқиғасы ерекше назар аудартты. Соңғы бір аптаның өзінде полиция қызметкерлері оны түнгі уақытта үш рет үйіне қайтарған. Жасөспіріммен және оның анасымен бірнеше мәрте профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, жағдай өзгермеген. Бұған дейін де қыз бала құқық қорғау органдарының назарына ілінген. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шешімімен ол Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, кейін арнайы мектепке жіберілетін болды.
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 47 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз ойын-сауық орындарында болуына жол берген 10 мекеме иесі жауапқа тартылды
Фото: ARNA NEWS



