• RU
Среда, 1 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станцияларының бірінің құрылысы басталды

29 маусым, дүйсенбі күні Жамбыл облысының Сарысу ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысына арналған капсула салу рәсімі өтті. Жоба жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын Masdar компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

by Jasyn
01/07/2026
in Топ
0
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станцияларының бірінің құрылысы басталды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада өткен телемост форматындағы салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Masdar компаниясының басқарма төрағасы Мұхаммед Әл-Рамахи құттықтау сөз сөйледі. Жоба жүзеге асырылатын алаңнан телемостқа «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов қосылды.

Жоба аясында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясы мен сыйымдылығы 600 МВт/сағат энергия жинақтау жүйесі салынады. Жобаның жалпы құны – 742 миллиард теңге. Инвестициялық жобаны сүйемелдеу «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылуда.

Нұрлан Жақыпов мұндай ауқымды жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның энергетика саласын одан әрі дамытуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

– Қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы – тек Қазақстанда ғана емес, тұтас Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Бұл бастаманың дәл Жамбыл облысында жүзеге асырылуы өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетін және халықаралық серіктестердің сенімін айқын көрсетеді, – деді Ербол Қарашөкеев.

Өңір басшысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағытқа толық сәйкес келетінін айтты. Оның сөзінше, мұндай жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және тұрақты экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ербол Қарашөкеев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығына және Masdar компаниясына Жамбыл өңіріне білдірген сенімі мен Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниет танытқаны үшін алғыс айтты.

Жел электр станциясын 2029 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша Қазақстандағы көшбасшы өңірлердің бірі болып қала береді. Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысаны жұмыс істеп тұр. Сарысу ауданында іске асырылып жатқан жобадан бөлек, 2029 жылға дейін Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын тағы бір жел электр станциясын салу жоспарланған.

Аталған жобалар толық жүзеге асқаннан кейін облыстағы жаңартылатын энергия нысандарының саны 24-ке, ал олардың жалпы қуаты 2,5 ГВт-қа жетеді. Бұл еліміздің оңтүстік өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, электр энергиясының жалпы өндірісіндегі «жасыл» энергияның үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: «KAZAKH INVEST»ең ірі жел электр станцияларыЕрбол Қарашөкеев
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда қыз алып қашқаны үшін үш жігіт сотталды

Таразда қыз алып қашқаны үшін үш жігіт сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады — Ерлан Қарин

Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады — Ерлан Қарин

4 года ago
Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In