• RU
Среда, 17 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Балалар арасында созылмалы асқазан-ішек аурулары неге көп?

Соңғы жылдары медицина қызметкерлері созылмалы асқазан-ішек ауруларына шалдыққан отандастарымыздың саны күрт көбейіп бара жатқанына байланысты дабыл қағуда.

by Jasyn
17/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Балалар арасында созылмалы асқазан-ішек аурулары неге көп?
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда соңғы 5 жылда балалар мен жасөспірімдердің асқазан-ішек ауруларына шалдығуы үш есеге артқан.

Бүгінде Түркістан облысында Крон аурумен 68 адам диспансерлік есепте тұрады. Оның 18-і дәрігер тағайындаған препараттармен қатар гендік-инженерлік (биологиялық) терапия қабылдайды. Ал, ойық жаралы колит ауруымен 277 адам диспансерлік есепке алынған. Оның 60 дәрі-дәрмектермен бірге биологиялық терапия қабылдауда.

Түркістан облысының бас штаттан тыс гастроэнтерологы Әсем Құрманәлиеваның айтуынша, еліміздің оңтүстігінде созылмалы асқазан-ішек ауруларына шалдыққандың көп болуының түрлі себептері бар. Атап айтқанда, мұнда халық тығыз орналасқан. Соған сәйкес басқа өңірлермен салыстырғанда науқастанушылардың көп болуы заңдылық. Аурушаңдықтың артуына ауа райының да әсері жоқ емес. Оның үстіне шекаралық аймақ болған соң сырттан әкелінетін тағам түрлері де жетерлік. Мұнда жағдайда дұрыс тамақтану үшін талғам мен тәртіп қажет-ақ. Әйтпесе талғаусыз тұтыну адамға ауру жамайтыны анық. Бұлардан бөлек, адамның көңіл күйі де сырқаттануға сеп болып тұрады. Стресс те созылмалы асқазан-ішек ауруларына шалдығуды туындатады екен.

–  Елімізде балалар мен жасөспірімдердің асқазан-ішек ауруларына шалдығуы көбеюінің басты себебі дұрыс тамақтанбау десек, оған басты себепкер ата-аналары. Өйткені ата-аналардың көбі дерлік перзенттерінің қарындары тоқ болса, одан әріге бас ауырта бермейді. Баласы ауырмайынша не жеп, не ішіп жүргеніне мән бермейтіндер де бар. Отбасымен қосылып фастфуд өнімдерін үйіне тапсырыс беріп алдырып, газдалған түрлі сусындармен тұтынатындар арамызда аз емес. Мұның соңы семіздік пен қант диабеті, атеросклероз, бауыр проблемалары, жүрек-тамыр ауруларының асқынуына және эндокриндік проблемаларға әкеп соғады. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан қатерлі ісікке шалдығу қауіпі де жоғары. Мәселен, ойық жаралы колит пен Крон ауруы ішек қа­бынуының аурулар тобына жата­ды. Өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдер ұзақ уақыт дисбактериозбен жүреді. Дис­бактериоз деген диагноз жоқ, іш қатуы немесе сұйық болып өтуі, ыстығы көте­рілуінің, іш ауруының астарында осындай сирек кездесетін ауру жатуы мүмкін деп күмәнданбайды да. Егер балада жиі іш өтсе, стоматит жиі болса, бойы өсуі ке­шеуілдесе, анемия жиілесе жіті қарау керек. Және ол пәлендей жас талғамайды да. Крон ішек ауруынан тыс артрит, артроз, түрлі буын аурулары, тіпті сүйек ауруы болып білінуі де мүмкін, – дейді Әсем Кеңесбекқызы.

Мамандардың дәлел-дәйектеріне сүйенсек, семіздік ересектерге ғана тән емес, жасөспірімдерде де қалыпты құбылысқа айналып барады. Гастрит пен панкреатит әсіресе жастарда жиі кездеседі. Ал, асқазандағы ауырлық сезім мен іштің кебуі – миллиондаған адамдар үшін әдеттегі жағдай. Аурушаңдықтың басты себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Яғни, «ауру – астан» екенін дертке диагноз қоя алмайтын заманда-ақ айтып қойған бабалардың ұрпағы бүгінде фастфуд пен газдалған сусындарды шамадан тыс құмартып қорек етіп жүр. Мұның соңы семіздік пен қант диабеті, атеросклероз, бауыр проблемалары, жүрек-тамыр ауруларының асқынуына және эндокриндік проблемаларға әкеп соғады. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан қатерлі ісікке шалдығу да жиілеп барады.

– Еліміздің оңтүстігінде асқазан ішек жолдары ауруларының патологиясы бар науқастардың саны көп. Білікті дәрігерлерді Шымкентке шақыртып, аталған тақырыпта республикалық конференция өткізуіміздің басты себебі де осы. Бұл басқосуда кәсіби мамандардың өзекті тақырыптарда баяндамалары тыңдалды. Біз бұл іс-шараны Алматы мен Астана қаласының жетекші мамандары, гастроэнтерология саласындағы сарапшылар өңіріміздің дәрігерлеріне, еліміздің басқа қалаларынан келген әріптестеріне пайдалы ақпараттар ұсынып, тәжірибе алмасуы үшін арнайы ұйымдастырдық, – дейді GastroMed гастроэнтерология клиникасының директоры Ләззат Сыздықова.

Жасыратыны жоқ, ауруханаға ем іздеп келген кез келген науқастың қажетті ем алып, аяқтан тұруын басты назарда ұстайтын дәрігерлердің еңбектері ерен. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден  бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Бұл ретте өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді.

Фото: Наран

 

 

Tags: асқазан ішек жолдары ауруларының патологиясыдисбактериозКрон ауруы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жоғары технологиялық медициналық оталарға 469 млн теңге жұмсалды

Жоғары технологиялық медициналық оталарға 469 млн теңге жұмсалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында 500-ге жуық қой суға кетті

Жамбыл облысында 500-ге жуық қой суға кетті

2 года ago
Мүмкіндігі шектеулі жандардың грант алуға мүмкіндігі бар

Мүмкіндігі шектеулі жандардың грант алуға мүмкіндігі бар

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In