• RU
Среда, 17 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Заңсыз қызметтен түсетін қаржы көлемі айына 500 миллион теңгеден асқан…

ҚР Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 15 маусымда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушыларының ұсталу ісіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

by Jasyn
17/06/2026
in Қоғам
0
Заңсыз қызметтен түсетін қаржы көлемі айына 500 миллион теңгеден асқан…
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ведомство Kizdar.net интернет-ресурсының серверлік инфрақұрылымын ұйымдастырушылар мен түпкілікті бенефициарлардың маусым айында ұсталғанын нақтылады.

«Ұйымдастырушылар қызметінің жолын кесу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ адамгершілікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін түбегейлі маңызға ие. Аталған сайт азаматтарды заңсыз қызметке тарту мақсатында интернет желісі арқылы жеңгетайлықты насихаттау және жарнамалау үшін пайдаланылғаны анықталды», деп хабарлайды ІІМ.

Платформада интимдік қызмет көрсету бойынша 9 мыңға жуық сауалнама орналастырылып, оның 500-ден астамы дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы адамдар мен трансвеститтерге арналған болып шықты.

«Мұндай қызметтер жұқпалы аурулардың таралу қаупін туғызушы факторлардың бірі болып табылады», — деп атап өтті ІІМ.

Тергеу барысында ұйымдастырушылардың IT-компаниялардың бірінің негізін қалаушылар екендігі анықталды.

Олар әзірлеген Kizdar.net негізгі жобалардың бірі болып қана қоймай, олар кейіннен қызмет көрсету саласында басқа заңды IT өнімдер жасау кезінде енгізілген бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және сынау үшін технологиялық платформа ретінде пайдаланылған.

«Компания Kizdar.net сайтының заңсыз қызметінен түсетін қаржы ағындары есебінен дамытылып отырған. Алдын ала есептеулер бойынша, олардың көлемі айына 500 миллион теңгеден асқан. Қаржылық операциялардың едәуір бөлігі ақша қаражаттарының қозғалысын бақылауды қиындату мақсатында криптовалюта құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылған» дейді ҚР ІІМ.

Жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде мыналар тәркіленді:

144 миллион теңге сомасында қолма қол ақша қаражаты

1,3 миллион АҚШ долларынан астам, оның ішінде 300 мың доллардан астам криптовалюта түрінде

оқ-дәрілері бар қару,

150 ге жуық компьютерлік және өзге де техника

автокөлік, құжаттар және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелер.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Заңсыз қызметтің барлық мән-жайларын анықтауға, ықтимал қатысушыларды анықтауға, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді заңдастыру схемаларына бағытталған одан арғы тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды», — деп хабарлады ведомстводан.

Фото: Ulysmedia.kz

 

Tags: Kizdar.net сайтыЗаңсыз қызметтерсерверлік инфрақұрылым
Jasyn

Jasyn

Next Post
Балалар арасында созылмалы асқазан-ішек аурулары неге көп?

Балалар арасында созылмалы асқазан-ішек аурулары неге көп?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын  алу керек

Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын алу керек

2 года ago
ӘЗ-НАУРЫЗ — ДІНИ ЕМЕС, ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

ӘЗ-НАУРЫЗ — ДІНИ ЕМЕС, ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In