• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан облысында 2,3 мың шақырым жол жөнделеді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Түркістан облысында 2,3 мың шақырым жол жөнделеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы алдағы 5 жылда 99,5%-ға жеткізілмек.  Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің сапасын арттыру мәселесі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында.

Түркістан облысында алдағы 5 жылда 2,3 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласын айналма жолы, Түркістанның Шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады. Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған.

Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі. Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде.

Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр. Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

Түркістан — Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау бағыттарында 80 шқ. автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 53,7 шқ. жолдарды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды. Шардара-Арыс бағытындағы жалпы ұзындығы 41 шқ жолдың күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында толығымен аяқталатын болады. Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шқ. күре жолдар қайта құру, күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Жаңарған жолдар қыркүйек айына дейін ашылады.

Отырар ауданының Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм және Отырар қалашығы бағыттарында 42 шқ. жолды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды, нысандар келесі жылға өтпелі. Ордабасы ауданының Темірлан-Қызылсеңгір, Қайнар-Ұялыжар, Бадам-Шұбар бағыттарындағы 68,4 шқ құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталатын болады. Нысандар келесі жылға өтпелі.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқандарға айыппұл салынатын болады

Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқандарға айыппұл салынатын болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

4 года ago
ҚОЯНДЫДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

ҚОЯНДЫДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In