• RU
Четверг, 4 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал ету

Түркістанда алғаш рет мойын омыртқасына жоғары технологиялық күрделі ота сәтті жасалды

Бүгінде еліміздің медицина саласы материалдық, кадрлық және қаржылық-техникалық жағынан да сапалық деңгейге көтерілді.

by Jasyn
04/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал ету
0
Түркістанда алғаш рет мойын омыртқасына жоғары технологиялық күрделі ота сәтті жасалды
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет бас­шысының тікелей қолдауымен түрлі бағ­дарламалар қабылданып, медициналық қыз­мет­тің қолжетімділігі, сапалы ем, алғашқы меди­ци­налық көмек мәселелеріне баса назар ау­дарыл­ды. Адамдарға ең маңыздысы – ауруынан құлан-таза айығып шығу. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан шаралардың нәти­же­лілігі де осы көрсеткішпен анықталса керек.

Жақында Түркістан қалалық орталық ауруханасында нейрохирургия саласында алғаш рет жоғары мамандандырылған күрделі операция сәтті орындалды. Науқасқа мойын омыртқасындағы жарықты жою мақсатында «Передний парафаренгеальный доступ слева, удаление грыжи диска на уровне С6–С7 позвонков, спондилодез межтеловым кейджем» атты ота жасалды.

Операция барысында дәрігерлер мойын омыртқасының С6–С7 деңгейіндегі диск жарығын алып тастап, омыртқааралық тұрақтылықты сақтау үшін арнайы кейдж орнатты. Хирургиялық ота сәтті өтіп, науқастың жағдайы тұрақтанды.

Аталған операция мойын омыртқасындағы жүйке қысылуын азайтып, ауырсыну мен қол-аяқтағы әлсіздік белгілерін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл — Түркістан медицинасының жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекті дамыту жолындағы маңызды жетістіктерінің бірі.

Бүгінде аурухана мамандары күрделі нейрохирургиялық оталарды заманауи медициналық технологиялар арқылы сәтті орындап, МӘМС тұрғындарға сапалы әрі тегін медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Жалпы алғанда қоғамның тұрақты дамуы мен ұлт болашағы азаматтардың денінің саулығына тікелей байланысты. Денсаулықты жүйелі түрде бақылау – аурудың алдын алуға, оны ерте анықтап, асқынуына жол бермеуге және ең бастысы – адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Осы орайда Кентау қалалық емханасының басшысы Ғани Бахтиярұлы және оның орынбасарлары және бөлім меңгерушілері емхана бөлімшелерін аралап, жұмыс барысымен танысты.

Аралау барысында медициналық көмектің сапасы, пациенттерге қызмет көрсету деңгейі, дәрігерлер мен мейіргерлердің қызметі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және бөлімшелердің жалпы жұмыс тәртібі назарға алынды.

Сонымен қатар, қызметкерлермен кездесулер өткізіліп, күнделікті жұмыста кездесетін өзекті мәселелер талқыланды. Медициналық қызмет сапасын одан әрі жетілдіру, халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Кентау қалалық емханасы тұрғындарға сапалы, қауіпсіз және қолжетімді медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Фото: Түркістан Денсаулық Сақтау Басқармасы

 

Tags: жоғары технологиялық күрделі отамедицина саласынейрохирургия саласыТүркістан қаласы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мақсат – жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту

Мақсат – жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту

2 года ago
Алимент төлеуден жалтарып жүргендердің көліктері тәркіленді

Алимент төлеуден жалтарып жүргендердің көліктері тәркіленді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In