• RU
Четверг, 4 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

АУА-РАЙЫНЫҢ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛУЫНА «ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?

«Жасанды жаңбыр» жобасы пилоттық негізде қолданысқа енгізу үшін Түркістан облысы таңдалғаны рас. Себебі бұл өңірде соңғы жылдары құрғақшылық жиілеп, су тапшылығы артты, шөлейттену қаупы күшейді.

by Jasyn
04/06/2026
in Қоғам
0
Түркістан облысы жасанды жаңбыр жауғызуды қолға алмақ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бірақ Түркістан облысындағы ауа-райының жауын-шашынды болуына «Жасанды жаңбыр» жобасының қатысы жоқ. «Қазгидромет» мамандары бұл табиғи құбылысты ауа-райы циклонымен байланыстырып отыр.

Жасанды жаңбыр технологиясы арқылы шөлейтті аймақтардағы құм көшуінің алдын алу, суармалы егіншілікке қажетті су ресурстарын тиімді пайдалану және Жетікөл (Шошқакөл) көлдер жүйесінің экологиялық тепе-теңдігін сақтау көзделеді. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қазыбек Бедебаевтің айтуынша, 17-мамырдан бүгінге дейін барлығы 4 әуеге ұшу жүзеге асырылды. Оның ішінде Созақ ауданындағы Жуантөбе-Тасты аумағында 3 нүктеге және Қызылқұм даласы бағытына арнайы реагенттер шашылды. Аталған бағыт климаттық және атмосфералық факторларға тәуелді болғандықтан, тәжірибелік жұмыстар жалғасып жатыр.

Реагенттердің бұлтқа әсер ету аумағы (диаметрі) 5 шақырымға дейінгі қашықтықты ғана қамтиды. Яғни, Оңтүстік өңіріндегі жауын-шашындарға бұл жобаның мүлдем қатысы жоқ. Аталған аумақтарда атмосфералық ылғалдылықты арттыру, жердің ылғал балансын тұрақтандыру, құм көшу процесін бәсеңдету және экологиялық жағдайды жақсарту үшін сынақтар қайта жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері тұрақты бақылауға алынып, метеорологиялық көрсеткіштер сараланды.

Жоба бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Аталған жұмыстар Біріккен Араб Әмірлігінің мамандары тарапынан тәжірибе алмасу және ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Жоба достық және халықаралық әріптестік аясында ұйымдастырылып, барлық шығындар Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан қаржыландырылады.

Фото: qarmaqshy-tany.kz

 

Tags: ауа-райыжасанды жаңбыр
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістанда алғаш рет мойын омыртқасына жоғары технологиялық күрделі ота сәтті жасалды

Түркістанда алғаш рет мойын омыртқасына жоғары технологиялық күрделі ота сәтті жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Каспий жағалауында қызыл қасқыр видеоға түсіп қалды

Каспий жағалауында қызыл қасқыр видеоға түсіп қалды

5 лет ago
«Мәйітті тану мүмкін емес»: Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

«Мәйітті тану мүмкін емес»: Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In