Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Салтанатты шараға Ұлттық алдын алу тетігінің төрағасы Д. Холидов қатысып, мекеме аумағындағы спорттық іс-шараның ұйымдастырылу барысымен танысты. Ол спорттың адам өміріндегі маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тіледі.
Сондай-ақ, мекеме әкімшілігі қатысушыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, спорттық бәсекенің әділ әрі тартысты өтуіне тілектестік білдірді. Спартакиада аясында қатысушылар спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынап, күш-жігері мен ептіліктерін көрсетеді.
Мұндай спорттық іс-шаралар сотталғандардың дене дайындығын нығайтуға, тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыруға, сондай-ақ ұжымдық қарым-қатынасты дамытуға оң әсерін тигізеді.
Жазғы спартакиаданың салтанатты ашылуы көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға серпін берді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болады.


