Шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, мейірімділік пен адалдық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ олардың рухани дүниесіне оң әсер ету.
Фильм желісі адалдық пен шынайы достықты арқау еткендіктен, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар өзара пікір алмасып, туындыдан алған әсерлерімен бөлісті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар жазасын өтеушілердің қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға және тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.


