Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысып, аумақты абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бағытында жұмыстар жүргізді. Сенбілік барысында мекеме ауласы тазартылып, қоқыстар жиналды, жасыл желектер ретке келтірілді.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық жауапкершілікті арттыру және еңбекке деген құрметті нығайту.
Айта кетейік, сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.



