Кітапхана қызметкерлері келушілерге жаңа әдебиеттерді таныстырып, түрлі жанрдағы кітаптар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, оқыған шығармалары жайында ой бөлісті.
Мұндай шаралар қызметкерлердің жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық кітап күні аясында өткен бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.


