Аталған шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сотталған азаматтардың өмірлік тәжірибесі арқылы студенттерге ой салу болды. Телекөпір барысында сотталғандар өз өмір жолдары, жіберген қателіктері мен оның салдары туралы ашық әңгімелеп, жастарды заңды құрметтеуге, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға шақырды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Ашық форматта өткен диалог екі тарап үшін де маңызды әрі тағылымды болды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақта қателікке жол бермеуге септігін тигізеді.



