• RU
Суббота, 11 апреля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Таразда өнер мен дәстүр жаңғырады

2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» Халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады.

by Jasyn
09/04/2026
in Қоғам
0
Таразда өнер мен дәстүр жаңғырады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту.

Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады.

Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» атты жас қолөнершілер мен суретшілердің  көрмесі өтеді.

Одан бөлек сән мен дәстүрді тоғыстыратын «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы, «Гиннес» рекордтар кітабына енген киіздің жанында «Dombyra Party» іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады.

Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған.

Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.

Фото: Тараз қалалық әкімдігі

Tags: сән мен дәстүрТараз – қолөнершілер қаласыҰлттық фестиваль
Jasyn

Jasyn

Next Post
Күдікті әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Күдікті әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан даласына ғарыш кемесі қонды

Қазақстан даласына ғарыш кемесі қонды

5 лет ago
Қазақстанда ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалды

Қазақстанда ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In