Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде ер адам 5-қабаттағы пәтерінде қамалып отырған. Кейін полиция мен құтқарушылар келген. Олардың сөзіне ер адам ашумен жауап беріп, есік ашпай қойған. Сосын құтқарушылар автосатының көмегімен балкон арқылы пәтерге кірмек болған. Ал төмендегілер қауіпсіздік үшін арнайы төсеніш жайған.
Алайда мамандар балконға көтерілген кезде ер адам төменге секіріп кеткен. Құтқарушылар оны ұстап үлгерген. Десе де ер адам бар салмағымен құлаған. Салдарынан ол бас-мидың ашық жарақатын, ми жарақатын алып, мойын омыртқалары сынған. Осылайша ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
фото: Tarazy.kz


