Мемлекеттік көмектің арқасында 2025-жылы 417-жас маман оқуын бітіргеннен кейін лезде жұмысқа шыққан, өтемақымен қатар 500-астам жас дәрігерлер үймен қамтамасыз етілген.
— Жетісу облысы дәрігерлерге 10-млн теңге төлеп отыр, бұл кадрлық тұрақтылықты сақтауға күшейтетін фактор. ШҚО, БҚО да осы санатта жұмыстарын күшейтуде, — деген Мәжіліс депутаты Ерлан Сайров Үкіметке жолдаған сауалында мемлекеттен өтемақы алатын дәрігерлер санатына моноқалаларды да кіргізу жөнінде мәселе көтерді.
Оның айтуынша көптеген тәжірибелі дәрігерлер материалдық стимул болғандықтан моноқалалардан ауылдарға жұмысқа кетуде. Бүгінде Қазақстанда 20 моноқала бар, онда 1,4 млн адам тұрады.
Тәжірибелі дәрігерлердің кету тенденциясы барлық моноқалаларға тән процесс, ал бұл моно қалалардың басым көпшілігі ірі өнеркәсіп ошақтарының айналасында тұрғандықтан, халқының денсаулығы әрдайым білікті дәрігерлік бақылауды талап етеді.
Сондықтан Мәжіліс депутаты мемлекеттен әлеуметтік өтемақы алатын елді мекендердің санатына моноқалаларды да кіргізу қажет деп есептейді.
Фото: Егемен Қазақстан


