Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында Жартас көлінде жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 6-сынып оқушысы суға батып кетті.
Қайғылы оқиға туралы құтқару қызметіне хабарлама түскен. Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғын 2008 жылы туған жасөспірімді судан шығарып, оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге тырысты. Бірақ, өкінішке қарай, жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мән-жай анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысы ТЖ департаменті ата-аналардан өздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және өз балаларына табиғи ортадағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйретуді сұрайды»,-деп тұрғындарды сақ болуға шақырады» делінген ведомтсво хабарламасында.