• RU
Вторник, 31 марта, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

ТАНЫМАЛ ЗАҢГЕР ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТТЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҰСТАЛДЫ

Алматыда Instagram желісінде танымал заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

by Jasyn
31/03/2026
in Топ
0
ТАНЫМАЛ ЗАҢГЕР ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТТЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҰСТАЛДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Айта кету керек, заңгер Әділетхан Молдаханның парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған, ол көбіне айыппұлдарды азайту және полициямен дұрыс қарым-қатынас жасау жөнінде кеңестер беріп танылған. Бұған дейін өзі де патрульдік полицияда жұмыс істеген.

Жуырда әл-Фараби даңғылында жол апатынан үш адам қаза тапқан жағдайдан кейін Әділетхан 7 миллион қаралым жинаған видео жариялап, оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып, полицияны  айыптады. Сонымен қатар, 30 наурыз күні ол Instagram-да өзін жәбірленуші тараптың өкілі ретінде таныстырған еді. Алайда сол күні кешке оның ұсталғаны жөнінде хабар тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті қысқа түсініктеме беріп, Әділетханға қатысты «жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Алдын ала болжам бойынша, жақын уақытта құқық қорғау органдары бұлтартпау шарасын таңдау үшін тергеу сотына жүгінуі мүмкін. Айта кетейік, Әділетхан Молдахан 2023 жылы тонау дерегі бойынша 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген және ішкі істер саласынан жұмыстан шығарылған. Осыған байланысты оның әрекеттері қайталама құқық бұзушылық (рецидив) ретінде бағалануы мүмкін. Сондықтан тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу ықтималдығы жоғары деген ақпарат тарап жатыр» дейді журналист Р. Асқарбекұлы өз парақшасында.

Фото: qandastar.kz

Tags: Алматыдағы жол апатзаңгер Әділетхан Молдахан
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Қажымұқан» фильмі көрсетілді

«Қажымұқан» фильмі көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандағы көліктер жаппай табиғи газға көшірілуі мүмкін

Қазақстандағы көліктер жаппай табиғи газға көшірілуі мүмкін

4 года ago
Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада  1 орында

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орында

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In