Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Бағдарлама аясында қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, шахмат, қол күрес және өзге де ұлттық әрі спорттық ойын түрлерінен бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен спорттық рух көрсетті.
Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.


