• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Мәжілісте жас отбасыларды баспанамен қамтудың жаңа тетігі ұсынылды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Мәжілісте жас отбасыларды баспанамен қамтудың жаңа тетігі ұсынылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлік Өмірғали жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге қатысты ұсынысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықтың әлеуметтік топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бірнеше бағыттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Осы орайда «Ақ жол» фракциясы жас отбасыларды қолдау мен бала тууды ынталандыруды аса маңызды деп санайды. Қазіргі халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 6-7 адамнан келеді, демография ұлттық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықта маңыздылыққа ие. Бұдан басқа, кейбір бағалаулар бойынша, аумақ ресурстарының толыққанды жұмыс істеуі үшін Қазақстанның шамамен 60 млн халқы болуы қажет. Егер де (1920-30 жылдардағы) өткен ғасырдағы ашаршылық жылдарында қазақтар сан мыңдап қырылмағанда, бізде халық саны осы шамада болар еді. Мемлекеттік бағдарламалар бұл мәселенің маңыздылығын бағаламайды деп санаймыз», — деді Ерлік Өмірғали «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын вице-премьер Роман Склярдың атына жолдай отырып. Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бірақ ол әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ғана қолданылады.

«Отбасын жаңадан құрған, қол-аяғы сау, бірақ әлі өз баспанасына қаражат жинап үлгермеген жастар не істеуі керек? Олар қашан балалы болады? Көпбалалы отбасылар қайдан пайда болсын? Қазіргі жағдайда Үкімет қолдамаса немесе жағдайы бар ата-аналары болмаса, жас отбасыларда пәтер алуға мүмкіншілігі жоқ. Олар пәтерге ақша жинап болғанда жастары 40-тан асып қалады, бұл жаста көп бала туа алмайсың. Осы уақытқа дейін генетика да нашарлады. Дәрігерлердің айтуынша, ерлер мен әйелдердің үштен бірі 40 жастан кейін және одан да ертерек бедеулікке ұшырайды», — деп тоқталды депутат.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған 7-20-25 бағдарламасы жас отбасыларға белгілі бір қолдау көрсетті. Осы бағдарлама тұрғын үй құрылысын іске асыру және осы секторға жеке инвестицияларды тартуға серпін берді. Бірақ жақында ғана осы және басқа бағдарламаларды тоқтату туралы айтылды, бұл хабар өте түсініксіз реакцияға негіз болды. Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясы жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25 пайыз мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды енгізу туралы 2013 жылда айтылған ұсынысына қайта оралады. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бизнесті кредиттеу кезінде мемлекеттік және жеке мүдделерді ұштастыру құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Бұл табысты тәжірибені әлеуметтік бағдарламаларға да тарату керек деп санаймыз. Сонда екі баласы бар отбасы мөлшерлеменің жартысын төлейді, ал үлкен отбасы, күтілгендей пайызсыз баспана алады. Бұл қадам жас отбасыларды бірден балалы болуға ынталандыруға мүмкіндік береді, ал екінші деңгейдегі банктер ипотеканы белсенді түрде кредиттеуге мүмкіндік алады», — деді Ерлік Өмірғали.

Оның пайымынша, егер субсидиялар мүмкін болса, жас отбасылар ең болмағанда бірінші кезеңде несие төлеу үшін жұмыс істеуге және ақша табуға тырысады, сондай-ақ бала туған сайын отбасылық бюджетке жүктеме азаяды. Қазіргі тәжірибенің орнына, ұсынылып отырған бұл тәсіл тұрғын үйге бола ажырасу жағдайлары өршіп бара жатқан сәтте отбасы институтын нығайтады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Депутат бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады

Депутат бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейді

3 года ago
Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In