Аталған жиынға мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі А.Т. Ниязымбетов қатысып, мекеменің жеке құрамына және 5513 әскери бөлімі қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында сотталғандар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі жадынамалар мен бекітілген алгоритмдердің талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, «Арнайы контингент арасында өрескел құқық бұзушылықтардың, дене жарақаттарының және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша ҚАЖ комитеті мекемелері қызметтері мен ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының 2025–2027 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспары» қосымша талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеліп, сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың, дене жарақаттарының және өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі әрі үйлесімді жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Мекеме басшылығы профилактикалық бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.


