• RU
Вторник, 10 февраля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жекеменшік мектептер бюджет қаражатын жосықсыз жұмсаған

Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрі Мәди Такиевтің жекеменшік мектептер мен агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру аудитінің алдын ала қорытындылары туралы баяндамасын тыңдады.

by Jasyn
26/01/2026
in құқық, Топ
0
Жекеменшік мектептер бюджет қаражатын жосықсыз жұмсаған
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, жекеменшік мектептер саны 2020 жылғы 203-тен 2025 жылы 878-ге дейін артқан, ал оқушылар саны бес жыл ішінде алты есеге, яғни 53 мыңнан 322 мың балаға дейін өскен. Сондай-ақ аталған бағыт бойынша бюджет шығыстарының көлемі 2020 жылғы деңгейден (13,3 млрд теңге) 20 есе асып, 248 млрд теңгені құрады.

2025 жылдың соңына дейін жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесі бытырақңы әрі бақылаусыз болғаны, бұл деректердің бұрмалануына және бюджет қаражатын теріс пайдалануға жағдай туғызғаны атап өтілді. Осыған байланысты өткен жылдың соңынан бері қаржыландыру барлық кезеңнің ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз ететін Оrta-bilim.e-qazyna цифрлық платформасына ауыстырылды, бұл қазіргі кезеңде жаңа тәсілдің тиімділігін растады әрі қаражатты жосықсыз пайдалану тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қаржы министрлігі жекеменшік мектептерді қаржыландыруға жүргізген аудит барысында бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде:

  • мектептер арасында бірнеше рет ауыстыру және тіркелу арқылы оқушылар санын көбейту;
  • ғимараттардың нақты сыйымдылығын есепке алмай оқушы орындарының санын негізсіз асыра бағалау (нормативтік сыйымдылықтан 3 есе асып кету);
  • бюджеттік қаржыландыру алу және сол арқылы салық төлемдерін азайту үшін салық есептілігінде кірісті кем көрсету арқылы еселенген пайда алу;
  • күрделі жөндеудің орнына ағымдағы және косметикалық жөндеу жүргізу (жобалау және сметалық құжаттамасы болмаған жағдайда)анықталды.

    Қаржы министрі заң бұзушылықтардың көптеген фактілерін келтірді.

    Аудит барысында анықталған деректер жекеменшік мектептердің едәуір бөлігі мемлекеттік қаржыландыруға қатысуды білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету тетігі ретінде емес, бюджет есебінен пайда табу құралы ретінде қарастырғанын көрсетеді. Мұндағы заң бұзушылықтар мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың қадағаламауынан немесе тікелей қатысуымен орын алып отыр.

    Қаржы министрлігінде аудиторлық іс-шаралар әлі де жалғасуда және олардың қорытындысы бойынша жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалады.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

Tags: АудитбюджетЖекеменшік мектептер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Активтерді қайтару қызметі құрылды

Активтерді қайтару қызметі құрылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда сақтау мерзімі өткен медициналық препараттар мен бұйымдар анықталды

Жамбылда сақтау мерзімі өткен медициналық препараттар мен бұйымдар анықталды

1 год ago
ДДСҰ алғаш рет балаларды коронавирусқа қарсы вакциналауға рұқсат етті

ДДСҰ алғаш рет балаларды коронавирусқа қарсы вакциналауға рұқсат етті

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In