• RU
Вторник, 10 февраля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Қай өңірлерде жайылым жетпей жатыр?

Бүгінгі таңда мемлекет меншігіне 14,3 млн гектар жер қайтарылған, оның 12,7 млн гектары - жайылымдық алқаптар. Оның ішінде 8,5 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды. Соған қарамастан, бірқатар өңірлерде жайылым тапшылығы әлі де қауіпті деңгейде қалып отыр.

by Jasyn
23/01/2026
in Ауыл шаруашылығы, Қоғам
0
Қай өңірлерде жайылым жетпей жатыр?
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Сәкен Арубаев өзінің депутаттық сауалында еліміздің бірқатар өңірінде жайылымдық жерлердің әлі де тапшы болып отырған мәселесін көтерді. Пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, жайылым мәселесі әлі де өзекті болып қала бермек. Бұл жағдай мал шаруашылығының дамуына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік тұрақтылығына тікелей әсер етуде.

 «Маңғыстау облысында жайылым тапшылығы 2,3 млн гектарды, Түркістан облысында 531 мың гектардан астам, Алматы облысында — 758,8 мың гектарды, Қызылорда облысында — 403,2 мың гектарды, Қостанай облысында — 379 мың гектарды құрайды. Бұл ретте қайтарылған жайылымдық алқаптардың бір бөлігі елді мекендерден өте алыс орналасқан, су көздерімен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген немесе табиғи-климаттық жағдайларды ескергенде толыққанды пайдалануға жарамсыз», — деп атап өтті Сәкен Арубаев.

Бірқатар өңірде, соның ішінде Жамбыл облысында, дәстүрлі түрде мал жаю үшін пайдаланылып келген жайылымдар қолжетімсіз болып қалған. Сонымен қатар бұл учаскелердің көбі іс жүзінде орман өсіру функциясын атқармайды.

Осыған байланысты сенатор алыс жайылымдық алқаптарды түгендеу және қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ жайылымдардың бірыңғай цифрлық базасын қалыптастыра отырып, кешенді ғылыми және геоботаникалық зерттеулер жүргізуді, сонымен қатар ресми түрде мемлекеттік орман қорына жататын, бірақ мал шаруашылығына жарамды жерлерді шаруашылық айналымына қосудың құқықтық тетіктерін жасауды ұсынды.

Фото: GOV.KZ

 

Tags: жайылым жетіспеуіжайылымдық алқаптар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Елімізде жол-көлік оқиғалар саны қанша пайызға өсті?

Өткен жылы 32 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

3,3 триллион теңге бөлінсе де нәтиже жоқ

3,3 триллион теңге бөлінсе де нәтиже жоқ

1 год ago
Қазақстандықтар үшін электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстандықтар үшін электр энергиясы қымбаттайды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In