• RU
Вторник, 10 февраля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Жамбылда жаттығуға келген 22 жасөспірім уланып ауруханаға түсті

Спортшылар гастроэнтеритпен улануы мүмкін. Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан ауруханаға жеткізілген.

by Jasyn
23/01/2026
in Әлеумет
0
Жамбылда жаттығуға келген 22 жасөспірім уланып ауруханаға түсті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Олар күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына жаттықтырушыларымен бірге келген. Демалыс аймағында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.

Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігі ресми ақпарат таратты.

«2026 жылғы 21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына «Тұран» демалыс орнынан Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 12–17 жас аралығындағы 22 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. (Олардың 21-і бойынша алдын ала диагноз — этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит. Біреуі аяқ жарақаты бойынша жүгінген).

Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтілуде. Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар бұл факті 2026 жылғы 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданатын болады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізді.

Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Айта кетейік, аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасуда.

Қосымша: қазіргі таңда 22 баланың 21-і медициналық бақылауға алынып, қайтарылды. 1 жасөспірім аяғының жарақатына байланысты аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды».

Әкімдік таратқан мәлімет осылай дейді.

Фото: KZNews.kz

Tags: 22 жасөспірім уландыЖамбыл облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қай өңірлерде жайылым жетпей жатыр?

Қай өңірлерде жайылым жетпей жатыр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қандай болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қандай болатынын айтты

5 лет ago
Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In