• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістанда ор қазып қоршалған жер телімдері мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылмақ

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Түркістанда ор қазып қоршалған жер телімдері мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылмақ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жер телімінің шекарасын заңсыз ор қазып қоршаған жалпы аумағы 41 876,5 гектар 139 жер телімі анықталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлайды.

Аталған жер пайдаланушылар ҚР Жер кодексінің 140 бабының талаптарын бұзып, яғни жерді заңсыз бүлдіріп, жердің құнарлы қабатын бұзып, сыдырып алып қоршаған ортаға зиян келтіруде. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 337-бабына сәйкес, қоршаған ортаға келтірген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, жерлері сот арқылы мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы бүгін Бәйдібек ауданындағы пресс-тур аясында Түркістан облысының жер инспекциясы басқарма басшысының міндетін атқарушы Алтынбек Мырзаев айтты.

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодекстің 5-бабының 7-тармағы, 95-бабының 7 тармағы және 108-бабының 2-тармағына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісін анықтап, қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді.

Сондай-ақ, келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді және 117-баптың 8-тармағына сәйкес, тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдайды. Қоршаған ортаға келтірілген шығын құнының мөлшеріне байланысты Қылмыстық кодекстің 333-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліке тартылу көзделген.

Сонымен қатар, заңсыз жер пайдаланушылармен қазылған жерлерді қалпына келтіру үшін рекультивация жүргізілетін болады. Еске салсақ, бұған дейін экологтар Қазақстанның оңтүстігіндегі траншеяларда жабайы аңдар қырылып жатқаны туралы айтып, дабыл қаққан болатын.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ем-домға көңілі толмаған 66 жастағы әйел Тараз ауруханасын жарып жіберем деп қорқытты

Ем-домға көңілі толмаған 66 жастағы әйел Тараз ауруханасын жарып жіберем деп қорқытты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда жыл басынан бері 42 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

Жамбылда жыл басынан бері 42 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

7 месяцев ago
Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In