Парламентшінің айтуынша, балалар бұл аппараттарға мектептегі түскі асқа немесе күнделікті қажеттіліктерге берілген ақшаларын жұмсайды. Қауіптің айқын болуына қарамастан, аталған автоматтар «Ойын бизнесі туралы» заңның реттеу аясына кірмейді, техникалық стандарттармен белгіленбеген және жас шектеулері жоқ.
«Соңғы жылдары «Кран» немесе «Ұстап ал» — «Хватай-ка», — деп аталатын автоматтардың кеңейуі алаңдаушылық тудырып отыр. Мұндай аппараттар ақшалай ұтыс қарастырылмағандықтан, құмар ойындары санатына жатпайды. Заң мұндай автоматтардың жұмыс механикасы, ұтыс алгоритмі, жас шектеулері немесе орналастыру талаптарына қатысты нормаларды қамтымайды. Санитариялық нормалар, сауда ережелері, техникалық регламенттері мен басқа да талаптарды белгіленбеген. Олардың қауіпсіздігін, шықан жерін немесе балаларға арналған санитариялық талаптарға сәйкестігін тексерудің міндетті механизмі жоқ. «Кран» автоматтары денсаулыққа, мінез-құлық тәуекелі жоғары болуына қарамастан, балалар арасындағы аддиктивтік мінез-құлықтың алдын-алу механизмдері бірде-бір құқықтық – нормативтік актіде реттелмеген », — деді Ғалиасқар Сарыбаев.
Сенатордың айтуынша, бақылаудың болмауы бұл салаға фискализациядан және ашық есептіліктен жалтаруға мүмкіндік беріп, қолма-қол ақша айналымының бақылаусыз өсуіне әкеледі. Көп жағдайда балалар жүлдені ұта алмау, механизмнің түсініксіз жұмысы және ақау кезінде ақшаның қайтарылмауы туралы шағымданады.
Ғалиасқар Сарыбаев бұл автоматтарға жеке құқықтық мәртебе беруді, міндетті сертификаттау мен механикалық тексеруді енгізуді, жас шектеулерін белгілеуді, оларды балалар мекемелері маңында орналастыруға тыйым салуды, сондай-ақ реттеу, салық салу және сыйлықтардың сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың құзыреттерін бекітуді ұсынды.
Фото: Lalafo



