Жалпы алғанда соңғы екі жылда туристерге көрсетілген қызмет көлемі 1,8 млрд. теңгеден 3,6 млрд. теңгеге дейін өскен.
Жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 186 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 34,8 шақырымды құрайтын үш туристік нысанға алып баратын автожол
салынды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нәтижесінде «Koksai resort» (19,5 шқ), «Таскөл» (2,8 шқ) және «Алмалы» (12,5 шқ) демалыс орындарына жайлы әрі қауіпсіз жету мәселесі шешімін тапты. Бұл өз кезегінде туристер ағынының артуына жол ашып отыр.
Жамбыл облысы – тарихи-мәдени мұраға бай өңір. Мұнда 3 510 тарихи ескерткіш бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Баласағұн, Құлан, Өрнек, Костөбе қалашықтары мен «Ақыртас» кешені аймақтың туристік әлеуетін арттырып отыр. Бұған қоса, облыс аумағында 200-ден астам ежелгі қалашықтар бар, ал тау бөктерінде 30-дан астам шатқал орналасқан.
Қазіргі таңда өңірде 224 туристік орналастыру орындары, 395 тамақтану пункті, 7 шипажай, 90 демалыс аймағы, 11 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Сонымен қатар 19 туристік компания және 25 көлік қызметін ұсынушы субъектілер туристерге өз қызметтерін ұсынуда.
Фото: Жамбыл әкімдігі


