Күн тәртібіндегі бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Әбдібекұлы Асанов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Бюджет кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндірді. Ол бюджетті жоспарлау, қаржылық тәртіп және жергілікті деңгейдегі жаңа талаптарға қатысты ақпарат берді.
Талқыланған мәселелер бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер ұсынылды. Жиын қорытындысында қала әкімінің аппаратының заң бөліміне айтылған ұсыныстарды ескере отырып хаттама әзірлеу және тиісті жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.
Арыста бюджет қаржысына бірқатар құрылыстар жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Осы орайда Арыс қаласына қарасты Саналы елді мекенінің тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Ауылға алғаш рет табиғи газ беріліп, игілікті істің басталуына қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Салтанатты жиында қала әкімі ауылдастарды қуанышпен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымыздың тұрмыс-тіршілігін арттыруға баса назар аударып келеді. Бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – Сіздер көптен күткен бүгінгі қуанышты күн», – деп атап өтті.
Іс-шара барысында салтанатты түрде алау жағылып, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, Саналы елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жеке инвестор «Otebay Gaz» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды.
Жалпы, жыл басынан бері Арыс қаласына қарасты Байырқұм, Жиделі және Көкжиде елді мекендері табиғи газға қосылды. Жыл соңына дейін қала орталығы мен Аққала ауылына көгілдір отын жеткізу жоспарланып отыр.
Тағы бір айтары, Арыс қаласына қарасты шалғайдағы халық саны аз үш елді мекенде – Ақтас, Бұлақ және Дарбаза ауылдарында – «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында тегін қоғамдық интернет желісі орнатылып, пайдалануға берілді.
Жоба бағыттарының бірі – шалғайдағы немесе халқы аз ауылдарды интернетке қосу. Мұндай елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту немесе мобильді станциялар орнату тиімсіз. Ал аталмыш технология жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернетті өзге шешімдер мүмкін болмайтын жерлерде де қолжетімді етеді.
Цифрлық инфрақұрылымның дамуы тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, шалғай аймақтардағы білім, ақпарат және мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етпек.
Сондай-ақ, Арыс қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Почтовый шағын ауданындағы Асылбеков көшесінде орналасқан бес тұрғын үйдің ауласында кешенді жаңғырту жүргізіліп жатыр.
Бұл мәселе биыл жыл басында қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тұрғындармен кездесуінде көтерілген болатын. Сол жиында тұрғындар ұзақ жылдар бойы лай жолдың азабын тартып, көлік тұрағының жоқтығын айтып, осы мәселені шешуді өтінген еді.
Әкім тапсырмасына сәйкес, аталған аумаққа асфальт жол төселіп, төрт жерге автотұрақ салынуда. Сонымен қатар, әрбір үйдің кіреберісіне демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылмақ. Нақтырақ айтқанда, 12 кіреберіске 24 орындық және 24 қоқыс жәшігі қойылады.
Қала басшысы Қайсар Маңқараев құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысын қадағалады. Ол тиісті сала басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, өткен жылы Ақымбеков көшесіндегі №127, 128, 129 үйлердің аулалары абаттандырылып, спорт және ойын алаңшалары, автотұрақтар мен суағарлар орнатылған, кірме жолдары жаңартылған болатын.
Ал биыл тұрғындар сұранысына сәйкес, Көктем тұрғын ауданында орналасқан «Ардагер» №103, 104, 105 үйлеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қасбеттерін жаңарту жоспарланып отыр.
Фото: Арыс Қаласы Әкімдігі