• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Әр сала бойынша жоспардың орындалу барысын талдады

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінде өткен мәжілісте 2025 жылдың 9 айының қорытындысымен ауданның индикаторлық көрсеткіштерінің орындалу барысы қаралды.

by Jasyn
09/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Әр сала бойынша жоспардың орындалу барысын талдады
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасап, әр салаға қатысты межелерге жеке-жеке тоқталып, жоспардың орындалу барысын егжей-тегжейлі талдап өтті.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының көрсеткіштерді мұқият қарап шығып, жоспарды төмен орындаған мекеме басшыларын жеке-жеке тұрғызып, жауапты орынбасарлары және ауыл әкімдерімен бірлесіп жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек аудандағы заңсыз құрылыстарды анықтау, зерделеу жүргізу, жою жұмыстары туралы баяндады. Құжаттары толық алынбаған немесе дұрыс емес және өз мақсатына сай пайдаланбай жатқан заңсыз құрылыстарды анықтап, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына және Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданғанын атап өтті.

Мәжіліс соңында аудан басшысы ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшыларына көрсеткіштерді толық орындауды қамтамасыз етіп, әр сала бойынша құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы» екенін айтып, ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керектігін тапсырған-ды.

Ал, биыл Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын әлеуметтің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдану арқылы шешуге бағыттады.

Қазіргі таңда Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы және «Jusan Mobile» АҚ арасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде байланысы мүлдем жоқ елді мекендерге ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалану көзделді.

Осы орайда Отырар ауданының Қостерек елді мекенінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында қоғамдық Wi-Fi интернетін тарататын заманауи OneWeb спутниктік жүйе станциясы орнатылып, іске қосылды.

Іске қосылған жүйені Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, «Jusan Mobile» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша директоры Нұрбол Баураевтар таныстырып, технологияның мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Jusan Mobile» АҚ-ның өкілі Түркістан облысы бойынша байланысы жоқ және мүлдем төмен Арыс қаласының Бұлақ, Ақтас, Дарбаза және Қазығұрт ауданының Өгем, Келес ауданының Тартоғай, Түлкібас ауданының Иірсу, Шардара ауданының Құйған, Отырар ауданының Қостерек ауылдарында заманауи OneWeb спутниктік жүйесін орнатып, қоғамдық Wi-Fi интернеті жергілікті тұрғындардың қолдануына берілгенін жеткізді. Ал, аудан әкімінің орынбасары аудандағы байланысы төмен ауылдарды кең жолақты интернетке қолжеткізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Облыстық әкімдік және оператор арасында атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғыны Сындарқұл Арғынбай өз пікірін білдіріп, ігі істің басында жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетсек, қараша айында базалық байланыс станциясы іске қосылмақ. Аталған байланыс станциясы арқылы ауыл тұрғындары толық қолжетімді байланыспен қамтылатын болады.

Тағы бір айтары Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жұмыс сапарымен Шәуілдір, М.Шойманов ауылдарында болып, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.

Алдымен аудан басшысы Шәуілдір ауылындағы Ұ.Арғынбеков көшесі бойына салынған балалар ойын алаңшасын аралап, ондағы инфрақұрылымдық жағдайды көрді. Жаңа алаңша ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуге бағытталған.

Одан кейін аудан әкімі М.Шойманов ауылына ат басын бұрып, ауыл орталығына орнатылған балалар ойын алаңшасының мүмкіндіктерін бағамдады. Тұрғындардың сұранысына сәйкес салынған нысанның сапасына қатысты жауаптыларға тапсырма беріп, жұмыстардың орындалуы басты назарда болатынын жеткізді.

Сапар барысында әкім Шәуілдір ауылындағы тұқымбақ жұмысымен де танысты. Мұнда жеміс-жидек пен ағаш көшеттерін көбейту, ауыл аумағын көгалдандыру ісі қолға алынған. Аудан басшысы бұл бағыттағы еңбектің ауыл экологиясына, көркейту жұмыстарына берер пайдасын ерекше атап өтті.

Фото: Отырар ауданы әкімдігі

Tags: «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасыАудандық экономика және қаржыауданның индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуТүркістан облысы Отырар ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауылға алғаш рет табиғи газ келді

Ауылға алғаш рет табиғи газ келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Қолынан келсе, мені алдап көр»  қаржылық сауаттылыққа арналған байқау өтті

«Қолынан келсе, мені алдап көр» қаржылық сауаттылыққа арналған байқау өтті

3 месяца ago
«Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек»: Еңбек министрі жауап берді

«Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек»: Еңбек министрі жауап берді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In