Екінші мәселе бойынша «Бәйдібек су» мекемесінің басшысы есеп берді. Ол ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту, су жүйелерін жаңғырту, апатты жағдайлардың алдын алу және абоненттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта қолға алынатын жобалар мен шешуді қажет ететін мәселелер де ортаға салынды.
Жиын соңында аудан Бақыт Қырғызалиев баяндамашылардың ұсыныстарын тыңдап, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамту, көрсеткіштердің орындалуын уақытылы қамтамасыз ету және жауапты бөлімдердің бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін ерекше атап өтті.
Аппараттық мәжіліс нәтижесінде берілген тапсырмалардың орындалуы аудан басшылығының тұрақты бақылауында болатындығы жеткізілді.
Тағы бір айтары, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев Ақбастау ауылдық округінде орналасқан «Шоқ-Талап» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Омарбеков балық шаруашылығын дамыту бағытында еңбек етіп келеді. Бүгінде жалпы көлемі 2 гектар аумақта екі тоған қазылып, 2024 жылдың мамыр айында әрбір тоғанға 10 000-нан, барлығы 20 000 шабақ жіберілген.
Бұл бастама ауыл шаруашылығының жаңа бағытын дамытуға үлес қосып, аудандағы кәсіпкерліктің өркендеуіне мүмкіндік беруде.
Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушысы шаруа қожалығының еңбегіне табыс тілеп, алдағы уақытта балық шаруашылығын дамытуға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Фото: Бәйдібек Ауданы әкімдігі