• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Қаржының игерілуі әр ай сайын қаралады

Түркістан облысы Сауран ауданында өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіне екі негізгі мәселе шығарылды. Тұрғындарды табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстарының барысы қаралды. Бұл бағыттағы баяндама жасаған «Сауран ауданының Газ қызметі» КММ директоры Кенжебай Жақсылықов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, бірқатар ауылдық округтерде газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

by Jasyn
08/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Қаржының игерілуі әр ай сайын қаралады
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Екінші мәселе аудан экономикасы мен қаржысына қатысты болды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов индикаторлық жоспардың орындалуы мен аудандық бюджеттің үшінші тоқсандағы болжамды игерілуі жөнінде баяндады. Ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейін баяндап, қаржы игерудегі көрсеткіштерді атап өтті.

Мақсат Таңғатаров баяндамаларды тыңдағаннан кейін бірқатар нақты тапсырмалар берді. «Газдандыру — тұрғындар өмір сапасын арттыратын ең маңызды мәселе. Бұл жерде салғырттыққа жол берілмейді. Әр ауылдық округте тұрғындарды дер кезінде қосу үшін нақты іс-шаралар атқарылсын. Жұмыстың әр кезеңін күн сайын бақылауда ұстау қажет. Ауыл әкімдері бұл бағыттағы жұмыстарды жеке бақылауға алып, мерзімінде шешуді қамтамасыз етсін», — деді аудан әкімі.

Қаржы мәселесіне тоқталған әкім бюджеттік қаражаттың игерілуіне ерекше назар аударды. «Әрбір тиын халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. Жоспарланған қаражат толық әрі уақытылы игерілмесе, бұл — жауапсыздықтың белгісі. Қаржының игерілуі бойынша әр айдың қорытындысы жария түрде қаралады. Тиісті бөлім басшылары бұл жұмысты созбалаңға салмай, нақты нәтижесін көрсетсін. Барлық тапсырмалардың орындалуын өзім қатаң бақылауға аламын», — деп қадап айтты Мақсат Таңғатаров.

Жиын соңында аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне және ауыл әкімдеріне тапсырмалардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді. Сонымен қатар, әкім аудандық аппарат жұмысында тәртіп пен жауапкершілікті арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев Шорнақ ауылдық округіндегі әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бюджет қаржысына бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын аралап, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімдік көрсеткіштерін тексерді.

Жалпы спорт кешенінің тапсырыс берушісі – Сауран ауданының құрылыс бөлімі. Сараптама қорытындысына сәйкес нысанның құрылыс мерзімі 10 айды қамтиды. Жобаның басталған уақыты – 2024 жылдың тамызы, ал пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың қазан айы.

Аумағы 1 797,2 шаршы метрді құрайтын спорт кешенінің бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда, жер қазу, бетон құю, колонналар мен фермаларды орнату, ғимарат қабырғаларын қалау, шатырын жабу, сыртқы қасбетін сэндвич панельмен қаптау, ішкі қабырғаларды бөлу, электр желілері мен сантехниканы орнату жұмыстары толық орындалған. Қазіргі кезде әрлеу, кафель төсеу және аумақты абаттандыру шаралары қарқынды жүргізілуде.

Құрылыс алаңында 35 жұмысшы мен 4 арнайы техника жұмылдырылған. Жобаға республикалық, облыстық және ұлттық қордан қаражат бөлінген.

Серік Садибаев нысанды аралау барысында мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ ол аудан үшін маңызы зор әлеуметтік нысанның уақытылы пайдалануға берілуі тұрғындардың спортпен айналысуына, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Сауран ауданының елді мекендерінде тұрғындардың күнделікті тұрмысын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Соның ішінде, ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 11,15 шақырым болатын жол жөндеуден өтуде. Асфальт жабындысы 5 сантиметр қалыңдықта төселуде.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, мердігер мекеме өкілдеріне жол сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

Сонымен қатар, ауылішілік жолдарды жөндеу тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуға және көлік қатынасын жеңілдетуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Жоспарға сәйкес, жол жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айының соңына дейін толық аяқталмақ.

Фото: Сауран Ауданы Әкімдігі

Tags: аудан экономикасы мен қаржысыәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуҚаржы мәселесітабиғи газ жүйесіне қосу жұмыстарыТүркістан облысы Сауран ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жобалар мен мәселелер ортаға салынды

Жобалар мен мәселелер ортаға салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан құрама қоржынына екі медаль әкелді

Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан құрама қоржынына екі медаль әкелді

2 года ago
Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай сайлау соңғы рет өтіп жатыр — ҚР Президенті

Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай сайлау соңғы рет өтіп жатыр — ҚР Президенті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In