• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатын бастамалар

Сарыағаш ауданында бюджеттен қаржы бөлініп, көптеген құрылыстар жүруде. Атап айтар болсақ, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамалар аясында Сарыағаш ауданына қарасты елді мекендерде инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, су құбырларын тарту, су жинау нысандарының құрылысы, электр желілерін жаңарту және табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған.

by Jasyn
07/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатын бастамалар
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осыған орай, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіне қарасты кенттегі инфрақұрылым тарту жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, Көктерек кент аумағына жаңадан қосылған тұрғын үйлерді ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамту бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары бақылаудан өтті.

Көктерек кенті көшелерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде, 8 шақырым ұзындыққа құбырлар тартылған. Жобаға сәйкес жалпы ауыз су құбырларының ұзындығы – 32,6 шақырым. Құрылыс жұмыстары отыз пайызға орындалған.

Көктерек кенті көшелерін электр желілерін және трансформатор қондырғыларын орнату бойынша құрылыс жұмыстары бастау алған. Жобаға сәйкес электр бағаналары жаңартылып, трансформатор қондырғылары орнатылады.

Табиғи газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталып, бүгінде 15 пайызға орындалған.Жобаға жауапты мердігер «Ынтымақ-ОК» ЖШС-і.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жарты төбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бостандық, Ынтымақ және Құрама елді мекендерінің көшелерінде жүргізіліп жатқан электр бағаналарын жаңарту жұмыстарының барысын пысықтады. Мердігер мекеме өкілдеріне электр желілері мен бағаналарын, сондай-ақ трансформатор қондырғыларын толықтай ауыстырғаннан кейін бұл бағытта мәселе туындамауы қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С. Қарақұловқа тапсырды.

Бостандық елді мекенінде электр бағаналары толық орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта нысанды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, мердігер мекеме «KK Global Construction» ЖШС-і. Құрама елді мекенінде құрылыс жқмыстары биыл сәуір айында мердігер мекеме «Бақ-Ерке строй» тарапынан жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 100% орындалған. Ынтымақ елді мекенінде мердігер мекеме «BADI Строй Сервис» тарапынан 30 дана электр бағанасы және трансформатор қондырғылары орнатылған.

Сонымен қатар,аудан басшысы Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Төңкеріс елді мекенінде салынып жатқан жаңа медициналық нысанның құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылады. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда, жеке инвестор есебінен салынып жатқан нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан аумағында айналма жол салу мәселесі бойынша талқылау жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұржан Елемесов және жерге орналастыру жобасын әзірлеуші “KHG Project” ЖШС басшысы Сейділда Жақсылық қатысты.

Аудан әкімі өз сөзінде қала ішіндегі көлік қозғалысының қарқындылығы мен тар көшелердің көлік кептелістеріне әкеліп соқтыратынын атап өтті. Сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің қала ішіндегі жол сапасына тигізіп жатқан кері әсері мәселесін көтерді. Осыған байланысты айналма жол салудың маңыздылығы ерекше екені айтылды.

– Айналма жол салу арқылы қала ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, жол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік аламыз, – деді Арман Абдуллаев.

Жиын барысында Сарыағаш ауданынан өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жол жобасы талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылып, жобаны тиімді жүзеге асыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Жобалаушы ұйым тарапынан жобаның кейбір техникалық аспектілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.

ҚР Көлік министрлігінің тапсырысы негізінде жүзеге асырылатын «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобасының жалпы ұзындығы 102 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Сарыағаш Аудан Әкімдігі

 

 

 

Tags: Аудан әкімі Арман Абдуллаевинфрақұрылымды жаңарту жұмыстарысапалы электр қуатымен қамтамасыз етуСарыағаш ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет қаржысына 13 ойын және спорт алаңшасын салу жоспарланған

Бюджет қаржысына 13 ойын және спорт алаңшасын салу жоспарланған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ұшақ апаты: Алматы облысында әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды

Ұшақ апаты: Алматы облысында әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды

3 года ago
Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In