• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады

Түркістан облысында әрбір сала бойынша индикаторлар бекітіліп, жоспарлар жасалған. Бұл жоспардың орындалуы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған. Оның ішінде ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылып отыр. Себебі ол – облыс экономикасының негізгі драйвері.

by Jasyn
06/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде жыл басынан 487,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 100,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады деп межеленіп отыр. Өндірілген өнім көлемі бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2025-2027 жылдары 67 инвестициялық жоба іске асырылып (270,1 млрд.тг), 2 488 жұмыс орны ашылады деп көзделген. Биыл 1 700 жұмыс орнымен 34 жобаны іске асыру жоспарланса, жыл басынан 22 жоба іске қосылып, 935 жұмыс орны құрылды.

2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы өткен жылдан 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға (2024 ж. – 872,5 мың га) егілді. Астықты ору науқаны маусым айынан басталып, бүгінгі күнге 100 пайыз орылды. Бүгінгі күнге 9 мың тонна мақсары, 791 мың тонна көкөніс, 1,1 млн. тонна бақша, 234 мың тонна картоп өнімдері жиналды.

Биыл 5,2 млн тонна малазықтық дақылдарын жинау жоспарланса, қазір 4,5 млн тонна азық дайындалды (86%). Жалпы облыста жиын-терім жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға басымдық беріліп жатыр.

Сондай-ақ, Түркістанда 880 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әбілсейіт Рабаев шаһар аумағында жүзеге асырылып жатқан құрылыс және жол жөндеу нысандарында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Әбілсейіт Байсейітұлы жаңадан салынып жатқан атшабарға баратын жолдың құрылыс барысын бақылады. Жоспарға сәйкес, ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын жолға екі қабатты асфальт төселіп, жарықшамдары орнатылған. Бүгінде жолдың екі жағынан аяқжол төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Бекзат тұрғын алабында жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында жол негізін әзірлеу, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, Отырар тұрғын алабында да ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Онда Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес көшелерді қамтитын, жалпы ұзындығы 24,6 шақырымды құрайтын 28 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шаһарда жол инфрақұрылысымен қатар тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді. Әбілсейіт Байсейітұлы 5 қабатты 22 кредиттік тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Жалпы аумағы 8,4 гектарды құрайтын кешенде 880 пәтер салынып жатыр. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары басталған. Нысандарды аралау барысында қала әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Тағы бір айтары, Түркістан облысында биыл 3,3 млн тонна бақша өнімдері жиналады деген жоспар бар.

Бүгінде Түркістан облысында жиын-терім жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жалпы биыл 3,3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтіліп отыр. Бүгінгі таңда 2,6 млн тоннасы жиналған. Бұдан бөлек, өңірде жылыжайлардың көлемі 1 715 гектарды құрайды. Жылыжайлардан 101,5 мың тонна көкөніс жиналған.

Облыста 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 143,6 мың бас ірі қара, 4 947,6 мың бас қой және ешкі, 495,8 мың бас жылқы, 43,2 мың бас түйе, 2 566,4 мың бас құс тіркелген. Осы орайда 122,9 мың тонна ет, 368,8 мың тонна сүт, 176,9 млн дана жұмыртқа өндірілді. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы облыстың еншісінде. Осы жылы 8 айда 20,8 мың тонна ірі қара мал еті, 13,4 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды. Сонымен қатар, ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 млрд теңгені құрайтын ірі 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жылына қосымша 31,5 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаймақ. Бұдан бөлек, қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бағытында тауарлы сүт фермаларын ашу жұмыстары жалғасуда. Бұл бағытта құны 6 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып, қосымша 20 мың тонна сүт өндірілмек.

Айта кетейік, республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы Түркістан облысына тиесілі. Биыл қаңтар-тамыз айларына 487,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе артқан.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Tags: Ауыл шаруашылығыауыл шаруашылығының өніміжиын-терім жұмыстарыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ардагерлер де елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда

Ардагерлер де елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін: Шұғыл жиналыс өтті

Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін: Шұғыл жиналыс өтті

4 года ago
Шымкентте айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде жауды

Шымкентте айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде жауды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In