• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Жамбыл облысында «қызыл» сызықтан асқан 85 нысан сүрілді

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Жамбыл облысында «қызыл» сызықтан асқан 85 нысан сүрілді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев заңсыз салынған құрылыстарды, атап айтқанда, «қызыл» сызық талабын сақтамаған нысандарды сүру бойынша нақты тапсырма жүктеген болатын. Бұл тапсырманың орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен кезекті кеңесте жан-жақты сараланды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша коммерциялық кәсіпорындар құрылысының заңдылығына тексерулер жүргізілгенін жеткізді. Тексеру барысында барлығы 123 нысанның «қызыл» сызық талабын бұзғандығы анықталған десек, бүгінге дейін оның 85-і сүрілген. «Қалған 38 нысанға қатысты аудандық әкімдіктер тиісті шара қолданбай отыр», — деді Арман Әбдешов.

Биылғы жыл басынан бері «қызыл» сызықтан асқан тағы 80 нысан анықталған. «Аудан әкімдері құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуды жою бойынша нақты шаралар қабылдауға құлықсыз.

«Қызыл» сызыққа қатысты мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Заңсыз салынған нысандарды бұзып жатқанымызбен, мына жақтан тағы да заңсыз жаңа нысандар бой көтеруде. Демек, жауапты органдар мен әкімдіктер бірлесіп жұмыс істей алмай отыр. Бәрі жауапкершілікті бір-біріне ысыра салуға дайын. Ресми хаттар жолдап қойып, жауабын күтіп отыруға үйренгенсіздер. Ал, нақты жұмысты бастауға ешкім асығар емес. Бұл бюрократия қашан аяқталады?» – деп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сылбыр жұмыстарды сынға алды.

Аймақ басшысы құрылыс саласындағы бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою бойынша арнайы іс-шаралар кестесін әзірлеуді тапсырды. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері салынып жатқан нысандардың иелерінде тиісті рұқсат құжаттарының бар-жоқтығын зерделеп, дер кезінде қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына да құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалау тапсырылды.

Сонымен қатар, басқосуда сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары саласында көрсетілетін 11 мемлекеттік қызмет топтастырылған арнайы геопортал құру мәселесі де сараланды.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ұлттық санақты өткізуге кімдер, қандай жалақыға қабылданады

Ұлттық санақты өткізуге кімдер, қандай жалақыға қабылданады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді

Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді

3 года ago
Сотталғандарға медициналық көмек көрсету Денсаулық министрлігіне 2023 жылы беріледі

Сотталғандарға медициналық көмек көрсету Денсаулық министрлігіне 2023 жылы беріледі

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In