• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Жоба іске қосылғанда 12 000 адам жұмыспен қамтылмақ

Бүгінде Түркістан облысы – еліміздегі серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы облыстың стратегиялық маңызын арттыра түседі. Өңір арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарықтарға тікелей шығу мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуы 185 миллионнан астам тұтынушысы бар үлкен нарыққа еркін шығуға жағдай жасайды.

by Jasyn
05/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Жоба іске қосылғанда 12 000 адам жұмыспен қамтылмақ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін қолдау шаралары шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыруда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды іске асыру жайын талқылады. Тараптар облыста интеграцияланған экожүйелік парк құру жайын жан-жақты зерделеп, пікір алмасты.

Облыс басшысы тиімді ұсыныстарды қабылдауға дайын екенін жеткізіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат берді.

– Қазақстан мақта талшығы бойынша экспорттаушы ел ретінде танылса, ал дайын өнімдер – жіп, мата және киім-кешек сегментінде импортқа тәуелді. Елімізде шикізат қоры жеткілікті, сондықтан жіп, мата және киім-кешек өндірісін ашуға және дамытуға зор әлеует бар. Түркістан облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушілерінің бірі. Әсіресе, мақта – өңір экономикасының маңызды саласы. Бүгінгі таңда мақта тек Түркістан облысында өсіріліп, өңделуде. Облыста осы жылы мақта алқабы 38 мың гектарға артып, жалпы 144,5 мың гектарда мақта егілуде, 470 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналады деп күтілуде. 50 мың га алқапта озық технологияларды қолданумен егілуде. Жеңіл өнеркәсіп саласында да үлкен мүмкіндіктерге иеміз. Бүгінде өңірде 25 мақта өңдеу зауыты бар. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміздің бірі. Осы мақсатта «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Арнайы экономикалық аймақта салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктер арқылы инвесторларға қолдау көрсетілуде, – деген Нұралхан Оралбайұлы бірлескен жобаларды іске асыруға және барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Инвесторлар жоба аясында мата және дайын өнім өндірісін қолға алынып, өндірістік және өңдеу, цифрлық логистикалық және қойма орталықтарын, сауда-көрме және коммерциялық-сервис орталықтарын салуды ұсынып отыр. Сонымен қатар инвесторлар электрондық сауданы дамытуға, мамандар даярлауға, өнімдерді Орталық Азия, Ресей және Еуропа нарығына шығаруға ниетті.

Жоба толық іске қосылғанда, өңірлік өнім көлемі артып, 12 000 адам жұмыспен қамтылмақ. Шикізаттан бастап дайын өнім мен саудаға дейінгі циклді қамтитын жоба Түркістан облысын Орталық Азиядағы тоқыма кластерінің орталығына айналдыруға оң септігін тигізеді.

Тағы бір айтары, Түркістан облысында энергетикалық әлеуетті көтеру, тұрғындар мен кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте электр, су және газға жауапты компаниялар мен мекемелердің бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің басшылығымен кездесіп, аталған мекеменің күзгі-қысқы маусымға дайындығы, инвестициялық жобаларына қатысты мәселелерді талқылады.

– Облыста энергетикалық құрылымдар үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесіп, облыс аумағындағы аппатты жағдайда электр қуаты жиі сөнетін нүктелердің картасын әзірлеп, бақылауға алыңыздар. 2025-2026 жылыту маусымында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде электр жарығының тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, арнайы жобалар аясында жөндеуді және жаңартуды қажет ететін нысандардың тізімге толық енгізуді тапсырамын. Өңірде ашылатын зауыттар мен кәсіпорындарды электр қуатымен қамту мәселесі де тұрақты бақылауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің өкілдері осы саладағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Инвестициялық жобалар аясында жыл сайын энергетикалық жүйелер реттеліп, жаңартылып жатқанын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Фото: «Жаңа Жетісай» газеті

 

 

Tags: әлеуметтік-экономикалық дамуыжұмыспен қамтылумақтаТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жол жөндеу – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашады

Жол жөндеу – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандықтар қандай газет-журналды көбірек оқиды?

Қазақстандықтар қандай газет-журналды көбірек оқиды?

5 лет ago
Жамбылдық полицейлер 70 мың оқушыға профилактикалық дәріс өткіздi

Жамбылдық полицейлер 70 мың оқушыға профилактикалық дәріс өткіздi

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In