• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

33 елді мекеннің ауыз суына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлінген

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бүгінде Түркістан облысына қарасты қалалар 100% ауыз сумен қамтылса, ауылдық елді мекендердің қамтылу деңгейі 98,1%-ды құрап отыр.

by Jasyn
05/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
33 елді мекеннің ауыз суына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлінген
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылға тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы 66 нысанның құрылысына бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Соның ішінде, осы жылы 38 нысанды аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 28 нысанның құрылысы 2026 жылы аяқталады.

Бірінші кезекте индикаторға енгізілген жобаларды аяқтау көзделіп отыр. Индикаторға облыс бойынша 30,8 мың халқы бар 30 елді мекен енгізілген. Қалған шалғайда орналасқан 8 елді мекен қолданыстағы су көздерімен қамтылған. Қазіргі таңда 8 елді мекенде, яғни Сарыағаш ауданындағы 2 елді мекенге, Келестегі 4 елді мекенге және Шардара ауданындағы 2 елді мекенге кешенді блок модульдерін (КБМ) орнату көзделуде.

Облыс көлемінде су құбырымен қамтылған 756 елді мекен бар. Соның ішінде, 165 елді мекен – жерүсті суларымен, 591 елді мекен жерасты су көзімен қамтылған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан елді мекендерге толық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Талдау көрсеткендей, су құбыры бар 756 елді мекеннің 548 елді мекені тәулік бойы ауыз сумен қамтылған. Бұдан бөлек, 192 елді мекенге ауыз су кестемен берілсе, 16 елді мекенде су жүйесі уақытша өшіріліп отырады. Оның ішінде, 192 елді мекеннің 83 елді мекеніне ауыз су тек жаз айларында кестемен берілсе, 109 елді мекенге жыл бойы кестемен берілуде. Сондай-ақ, ауыз су кестемен берілетін 192 елді мекеннің 170 елді мекенінде су көлемінің азаюы немесе тазалау қондырғыларының қуатының жеткіліксіздігі анықталды. Қалған 22 елді мекенде су жүйелерінің тозығы жеткен. Қазіргі таңда мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Биыл 33 елді мекенді үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлінген. 2026 жылы 101 елді мекенді, 2027-2028 жылдары 58 елді мекенді толық ауыз сумен қамту көзделуде.

Сондай-ақ, Түркістан облысында жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге басымдық берілген. Облыс әкімдігінде осы салаға қатысты түйткілдер кезекті рет талқыланып, жоспарлар айқындалды. Кедейшілік деңгейін төмендету, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру мәселесі де сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.

– Аудан, қалалардағы АӘК тағайындауға жауапты учаскелік комиссиялардың жұмысын қатаң бақылауға алып, комиссия мүшелеріне оқыту семинарларын ұйымдастыру қажет. АӘК тағайындалушы азаматтардың санатына жан-жақты мұқият талдау жүргізіп, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тиімді кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бірінші кезекте инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашуға басымдық беру керек. Сол арқылы ғана тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтере аламыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, биылғы 8 айда 58981 адамға (9525 отбасыға) 3,9 млрд. теңгеге АӘК тағайындалып, төленді. Кедейлік деңгейі 2,7%-ды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға (2024 жылы –4,4%), ал АӘК алушылар саны 35 769 адамға немесе 37,8%-ға төмендеген. Соңғы 5 жылда өңірде кедейлік деңгейін және тиісінше атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалады.

АӘК көрсетуде жаңадан енгізілген жаңа бастамалар арқылы заң бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған. Учаскелік комиссиялар қызметінің тиімділігін арттыру үшін FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылды. Осы арылы аз қамтылған отбасылардың мұқтаждығын айқындайтын автоматтандырылған жүйе пайдалануға енгізілген.

Айта кетейік, 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында облыста 130 мыңнан аса жұмыс орнын құру көзделген. Бұл республика бойынша құрылатын жұмыс орындарының 14,5%-ын құрап, ең жоғары көрсеткіш болып қалыптасты (ҚР – 903198 жұмыс орны). Жыл басынан бергі 8 айда 100 807 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде: тұрақты жұмысқа 59925 азамат, уақытша жұмысқа 40882 азамат орналасқан. Ұлттық жобаларға – 3 156 азамат, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы бойынша 27 617 азамат, тұрақты жұмысқа 29425 азамат жолданса, субсидияланатын жұмыс орындарында 39 720 азамат жұмыспен қамтылған. 1788 тұрғынға мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант берілген.

Фото: Abai.kz

Tags: әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеружұмыс орындарын ашуқаржы бөлусапалы ауыз сумен қамтамасыз етуТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан – бизнес пен туризм үшін тартымды өңір

Түркістан – бизнес пен туризм үшін тартымды өңір

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн. дана гүл әкелінген

1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн. дана гүл әкелінген

2 года ago
«Омикрон» емханасының негізін қалаушы ДДҰ-ны сотқа береді

«Омикрон» емханасының негізін қалаушы ДДҰ-ны сотқа береді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In