Осылай деген Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД № 67 мекемесінің тәрбие жөніндегі орынбасары Садуанов Еркебұлан Бақытжанұлы талай шәкірттің жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, өмірлік бағыт-бағдар беріп келе жатқан ардақты ұстаз Шымырова Гүлбала Нарбекқызына айрықша алғыс білдіріп, ұстаздар күнімен құттықтады. Ол өз құттықтауында ұстаздардың еткен еңбегі мен шәкірттерге деген шынайы қамқорлығы әрқашан биік бағалана беретінін жеткізіп, барша мұғалімдерге мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тіледі. Білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз еліміздің жарқын болашағына айнала берсін!